Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19579 материал табылды

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды

Нұр-Cұлтан қаласында «Жомарт жүрек» байқауының лауреат­тарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Түбір астындағы теңдеудің шешімі

Математиктердің көп сөзді, бос сөзді ұнатпайтындары бел­гілі. Тасқа түскен таңбадай нақ­тылықты және дәлелді дерек­терді жақсы көреді. Оған себеп те жеткілікті, құпиясы мол ма­тематикалық теңдеулердің бір тұсынан иненің жасуындай қателік жіберсеңіз, талай түнгі көз майын тауысып істеген еңбегің еш. Сондықтан математик болып туған пенде «мидың мың градустық домнасында» қайнап-піскен ой-пікірінен ақау жібермеуге тырысады, өзгелерден де жинақылық пен ұстамдылықты талап етеді... Иә, бұл тіркесті тіл ұшына оңай орала салғандықтан айтып отыр­ғаным жоқ, математик боп қалып­таспайды, дұрысы – математик болып туады.

Президент • 13 Желтоқсан, 2019

Салтанатты іс-шараға қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ERG компаниясының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елбасы мемлекеттік наградаларды табыс етті

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтанда «Поэзия падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы №78 мектеп-гимназияда Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия Падишасы» атты еске алу поэтикалық, әдеби-сазды кеші өтті.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Ерлан  Жаулыбаевтың төрағалығымен аудандағы көп балалы аналар салтанатты түрде «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапатталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады

Елорда әкімдігінде ипподром базасында иппотерапия және ат спорты үшін жабық манежді салу талқыланды. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Балалармен арнайы оқытылған нұсқаушылар шұғылданады,сабақ үшін тек жуас аттар алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 12 Желтоқсан, 2019

Сенат комитетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер қаралды

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Кино • 12 Желтоқсан, 2019

«Орбұлақ шайқасы» көрерменге жол тартады

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы шағын қолмен жаудың қалың әскерін ойсырата жеңген қазақ батырларының ерлігі мен елдік жолындағы күресін әйгілеген Орбұлақ шайқасы туралы телехикая түсірді. Тарих парағына 376 жыл бұрын жазылып, «Қайталанбас оқиға» деп бағаланған бабалар жорығы осылайша ел жадында қайта жаңғыртылмақ. Жоба Тәуелсіздік мерекесіне орай  Ұлттық арна эфиріне шығады. Кеше елордада тарихи жобаның таныстырылымы өтті.  Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысып, отандық киноөндіріс саласының жылдан-жылға дамып келе жатқанын айтты.

Үкімет • 12 Желтоқсан, 2019

Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, еліміздің символы болып табылатын «Бәйтерек» монументінің басында үстіміздегі жылғы 27 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.