Республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы сәйкес жүргізіліп жатыр. Мешіт түрік компаниясының демеушілігімен салынып, 30 мың адамға есептелген. Мешіт мұнаралары 130 метр, ал басты күмбездің биіктігі 88,2 метрден асады.
Қала әкімдігі мешітке инженерлік желілер мен коммуникацияларды жобалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.