![Egemen Qazaqstan](/user_photo/1483952278_user.png?width=300&height=300)
Парламент • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Сенат отырысында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2019
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Шымкент қаласында жұмысы тоқтап тұрған жіп иіру фабрикасы қайта іске қосылды. Бұл жұмыстар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жүзеге асты. Ал өзбекстандық инвесторлар фабрикаға бірқатар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, оның қайта іске қосылуын қамтамасыз етті.
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Таяуда елімізде алғаш рет «Зёрна» адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті. Фестивальға қатысу үшін Алматыға алыс-жақын шетелдерден мыңға жуық адам келді.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін атап өтіп, бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің шолушысы Жақсыбай Самраттың 29 қарашада басылым сайтында «Президентіміз қуантты, министріміз мұңайтты» деген тақырыппен жарияланған (газеттің 4 желтоқсан күнгі №234 саны, «Еңбекақыны көтеру ескерілсе») мақаласына Мәдениет және спорт министрлігі назар аударды. Мақалада келтірілген С.Мұқанов атындағы Петропавл қазақ сазды-драма театрының режиссері Болат Шамбетовтің пікіріне министр Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев жауап жазды. Газет поштасына келіп түскен бұл хаттың мазмұнын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Кино • 06 Желтоқсан, 2019
Отандық кино өндірісінің күнгейі мен көлеңкесі
Nur Otan-ның Орталық аппаратында еліміздегі жетекші партияның жанынан құрылған «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі отандық кинематографияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған басқосуы өтті.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақ – қалай айтқанда да бағы бар халық. Ұрпақтан-ұрпаққа ұлыларымыздың ұлы мұрасымен өтіп келеміз. Бүгін де келешектің кәдесіне жарайтын хат қалдыруды мұратына айналдыратын абызсыз қалмасымыз хақ. Бағзы мен бақиды жалғастырып жатқан сара жолды бір адамдай бажайлап үлгерген; өзі өмір сүріп отырған ортаның да барлық құбылыстары мен айтулы оқиғаларының қара қазанында қайнап жүріп, соның бәрін саф алтындай зерделей де, бағалай да білген; сол арқылы қай кезеңде де заманнан гөрі адамды зерттеуді алға шығарудың қаншалықты қасиетті іс екенін бар болмыс-бітімімен түйсінген абыздар эстафетасының таяқшасы жерге түспей келеді. Күні бүгінге дейін.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Әбіш аға Кекілбайұлын көргенде Аристотельді көргендей болатын едім. Бір өзі бір академия, бір өзі бір энциклопедия. Дала демосфендерінің алтын сынығы. Сөзі қандай, сөздің мәйегі қандай! «Алыстан сермеп, жүрекпен тербеп», әдібін жазып, төркінін қазып, жерді аспанға шығарып, аспанды жерге түсіріп, бұйра шаштары бураланып, көтереді-ау қалған мәселелерді қордаланып. «Паһ, сабазың-ау», – десетін еді жұрт мұндайда.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019
Бірқатар облыста автожолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірдің автожолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.