Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19578 материал табылды

Спорт • 04 Желтоқсан, 2019

Тимур Құлыбаев World Athletics басшысымен кездесті

Елордада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен World Athletics басшысы Себастьян Коэ кездесті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

«Road Show»: ipo емес, дегенмен, бұл да инвесторлар үшін

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ өз өнімдерін ақпараттық ілгерілету аясында «Road Show» форматын пайдалана бастады. Айта кету керек, шетелде бұл тәсіл компания акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) кезінде инвестициялар тарту үшін қолданылады.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Партия қатары 2 мың адамға көбейді

Елордада Nur Otan партиясына салтанатты қабылдау өтті. Жетекші партияның қатары жас және белсенді азаматтармен толықты.

Руханият • 04 Желтоқсан, 2019

Құмаршық – нәрлі тағам һәм жеңсік ас

Осылай десек те оның артында үлкен мән-мағына жатыр. Түсінік қажет етіп тұрған тіркес. Иә, солай! Өткен ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарындағы қазақ жерін жайлаған ашаршылықта құмды өңірдегілердің қабырғаларын жапқан осы құмаршық. Біз, інім Аманғали екеуміз Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тапшылық иектеген балаң шағымызда Тайсойған құмындағы қойлы ауылда өстік. Сол тұста құмаршықтың пайдасын шаш- етектен көрдік. Қызыл шағылды бұйрат құмдауытта өсетін тары тектес дақыл біздің қарнымызды тоқ етті, аштыққа ұрынбаймыз ба деген уайымымызды жоқ етті.

Экономика • 04 Желтоқсан, 2019

Жалған мәлімет жарға жығады

Ел Президенті Қ.Тоқаев жуырда сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмысында шалағайлыққа, көзбояушылыққа жол берілмеуі керектігін айтты.

Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер жаңаша көрсетілмек

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне өзгертулер енгізілді және заңды түрде бекітілді. Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019

Иорданияның әуе компаниялары Қазақстанның 11 әуежайына тұрақты ұшулар орындай алады

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019

Елордада «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты салтанатты шара өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты салтанатты шара өтті.  

Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2019

Бибігүл Төлегенова «Астана Опера» сахнасында 90 жылдық мерейтойын атап өтеді

Опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова бүгін, 3 желтоқсанда «Астана Опера» МОБТ сахнасында мерейтойын атап өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 03 Желтоқсан, 2019

Қазақстандық сарапшылар FAA-ның АҚШ-тағы ұшу қауіпсіздігін қадағалау тәжірибесін зерттеуде

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ қызметкерлері құрамындағы қазақстандық делегация Халықаралық көшбасшыларды даярлау бағдарламасына (IVLP) қатысуда. Қазақстан үшін «Азаматтық авиация қауіпсіздігі» халықаралық келушілер бағдарламасы Халықаралық білім институтымен АҚШ Мемлекеттік департаментінің толық қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.