Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19578 материал табылды

Президент • 27 Қараша, 2019

«Бірегей» – бірлікке бастаған көшбасшы немесе «Назарбаев моделі»

Тарихты бірегейлер жасайды. Олар уақыттың тезінен де оза шауып, тіпті болашақтың сара жолын салып кетеді. Жер ғалам­шарының түкпірінде есімдері мәңгі жаңғырады. Ал мәңгіліктің шегі жоқ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол бірегей тағдырды еншілеген тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлы отыз жылдай Мемлекет басшысы болған тұста Қазақстанның жаһандық аренадағы мәртебесінің бекуіне орасан зор еңбек сіңірді.  

Парламент • 27 Қараша, 2019

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қаралуда

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Нұр-Сұлтан қаласының ұстаздар қауымымен кездесті. Онда бүгінде Мәжіліс депутаттары жұмысқа алған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әңгіме өзегіне айналды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қоғам • 27 Қараша, 2019

Әкенің қас-қабағы – баланың бас сабағы

Қазақ халқында әке әрдайым ұрпақ тәрбиелеудегі, тұлға қалыптастырудағы маңызды әрі ең байырғы әлеуметтік институт болған. Бүгінде әкелерге тарихи миссия жүктеледі: олар алтын тіні үзіле жаздап барып, қайта ұштасқан ата-баба мирасы мен жас ұрпақ арасын жалғар буынға айналуы, яғни ұрпақтардың асыл сабақтастығын қамтамасыз етуі керек.

Қоғам • 27 Қараша, 2019

Әлеуметтік инвестициялардың жаңа үлгісі: білім беруді ұйымдастырудағы тиімді тәсіл

Қазақстан Республи­касы­ның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы жария­лаған Бес әлеуметтік ба­стама­ның бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағдарын ұстанғаны бел­гілі. Тұрмыстық жағдай жай­лы сөз қозғалғанда, тіл ұшына жатақханамен қам­ту мәселесі алдымен оралары анық.

Президент • 27 Қараша, 2019

Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты әрқашан қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Қазақстанда аккредиттелген шетелдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті.

Руханият • 26 Қараша, 2019

Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» көрмесі өтеді

Ертең елордадағы Ұлттық архив Президент Архиві және Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты көрме өткізеді.

Қазақстан • 26 Қараша, 2019

Ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу – Қазақстанның негізгі басымдығы

Қазақстанның көпжақты құрылымдарға мүше болуын қауіпсіздік пен өсіп-өркендеудің тиімді тетігі ретінде қарастырамыз. Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде Президент осылай деді. 

Саясат • 26 Қараша, 2019

Қазақстан Орталық Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыта береді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Қытай Халық Республикасымен көпқырлы стратегиялық серіктестікті дамыту Қазақстан үшін аса маңызды. Мемлекетіміз Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» атты ауқымды бастамасын қолдайды және осы жобаға белсенді түрде қатысуда деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде. 

Президент • 26 Қараша, 2019

Президент: Жыл соңына дейін Қырғызстан мен Германияға сапарларым жоспарланып отыр

Стратегиялық маңызы зор мақсаттарға қол жеткізу үшін сыртқы жағдайлар да қолайлы болуы керек. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз халықаралық алаңда лайықты орын алды. Мемлекетіміз жаһандық жағдайға бейімделді деді Президент Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде. 

Саясат • 26 Қараша, 2019

2019 жыл Қазақстан үшін өте маңызды болды - Мемлекет басшысы

Біз еліміз үшін маңызды мерекелер – Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күні қарсаңында кездесіп отырмыз. Рождество мен Жаңа жыл демалыстары да жақындап қалды. Бұл – өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, алдағы жоспарларды айқындайтын кезең.  Мемлекет басшысы Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде осылай деді.