Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Шалғай елді мекендер шалажансар күй кешіп тұр

Парламент депутаттарының өңірлерге сапары кезінде жергілікті жердегі бірқатар мәселелердің беті ашыла бастады. Мәселен, Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі қордаланған әлеуметтік түйткілдер Нұр-Сұлтан шаһарынан келген депутаттардың назарына ұсынылды. Қаншама жылдан бері жабулы қазан күйінде қалған мәселені жарыса баяндаған жаңаталаптықтар ауыз су мен көгілдір отыннан тапшылық көріп отырғандарын жеткізді. «Жоққа жоқ жамалады» дегендей елді мекендегі кәріз жүйесі мен қоғамдық көліктің «жыры» да өз алдына бөлек әңгіме.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Атышулы аттракцион бұзылады

Қостанай облысының Рудный қаласындағы жел соқса кабиналары ұршықша айналып, елдің зәре-құтын қашырған аттракцион орнынан сүріледі. Рудныйда ұзаққа созылған даулы істен кейін мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осындай кесім шығарды.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Игілікті істің үздігі

Қолым қысқа демейтін, қолтығынан демейтін адамдар арамызда аз емес... Солардың бірі — ақтөбелік Гауһар Жұмағазиеваны көпшілік Ұлттық волонтерлік желісінің өкілі, Ақтөбеде құрылған «Д.А.Р.» еріктілер клубының белсендісі ретінде таниды. Оны өткен жылдың соңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі марапаттап, еңбегін мемлекеттік һәм республикалық деңгейде жоғары бағалаған-ды.

Руханият • 16 Қаңтар, 2020

Жыржыс қожа мешіті

Жыржыс қажы Қаржас еліне сіңіп, өсіп-өнген қожалар әулетінен. Жыр­жыс қажының ардақты есімі жадымызда өзінің мұсыл­ман­дық қасиетті парызын адал атқарып кеткен жерлесіміз ретінде сақ­талып қалды. Қажы атқарып кеткен ізгі істің негізгі мәні, оның Қарағанды мен Кереку өңірлерінің арасындағы тоғысқан жері Мәдрәсі қыстауында, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ата қоны­сы­на жақын тұста мешіт ашып, медресе салдырғанында еді.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Елдің ежелгі атауына қиянат қылмайық

Ертеден халықтың санасына сіңіп қалған тарихи атауы Шідерті ауылы туралы 2013 жылдан бастап даулы мәселе туып отыр. Бұл ауылдың басынан өткен жайға оралып өткім келеді. Қазіргі атауы – Зеленая роща. Басқа ұлттың өкілдерінен бірде-бір адам тұрмайтын ауылдың осылай аталуы неге деген заңды сұрақ туады. Столыпин реакциясы тұсында ішкі Ресейден үйсіз-күйсіз, еріксіз жер аударылып көшіп келген мұжықтар қазақтың малға, егінге жайлы жақсы қоныстарын тартып алды. Сол кезде колхоз басқармасы Ворошилов деген болған. Ауылға тал егіп, бақша салғандықтан олар Шідертіні Зеленая роща атап кеткен. Бұл атау ешбір құжатта көрсетілмеген.

Саясат • 16 Қаңтар, 2020

Есірткіні жарнамалайтындар жазасыз қалмайды

Биылғы 11 қаңтардан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет-сайттардың сілтемелерін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Ұлтына ертерек үн қатқан

Руханият • 16 Қаңтар, 2020

Дәулетке үндейтін еңбек

Заманның қалпына бейімделе алмай, қырдағы малы мен жұ­­пыны тіршілігін қанағат етіп, ілім-білім жолында ізденіп, өр­­ке­ниетке ұмтылудың орнына, мансап пен мақтан қуып, ру-руға бөлініп, қырық пышақ болып дау қуған бұрынғы қазақ­тың кертартпа мінезін данышпан Абай сөз күшімен сынап, на­мы­сын оятып, жігерін жанып, жөн жолға салуды мақсат тұт­ты. Ол заман өтті. Қазіргі заман да, адам да, қоғам да басқа.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Зерттеген сайын зердең ашылады

Бұл күндері барлық ақпарат құралында жарияланып, жілік майын шағып, жүйелі талқыланып жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы мәдениет пен рухани өміріміздің бағыт-бағдарын айқындап көрсетіп берген темірқазығы болды деп ойлаймын. Жалғыз мен емес, көзі қарақты бүкіл қазақ солай ойлайды.

Руханият • 16 Қаңтар, 2020

Түркі әлемінің рухани қазынасы

«Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениет­тің тұлғасы» «Торқалы тойдың тағылымы». Бұл тақырыптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында тарихта ең күрделі жолдарды басып өтіп, небір тарихи оқиғаларды бастан өткерген әрі куәсі болған, қазақ ұлтының бүгінгісін, келешек мүддесін, тілегін, үмітін мемлекеттің өсіп-өнуінде, қазақ ұлтының әлем елдерінің ішінде өзінің лайықты орнын алуында зор рухани тірек болған ұлы ойшыл Абай атамыздың 175 жылдық мерекесіне байланысты қозғалып отыр. Тағы кеңірек тәпсірлегенде, түркі әлемі кеңістігінде де мақалада айтылған үлкен мәселелер өзгеше өзекті, тарихи маңызды екендігін айтқым келеді.