Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22490 материал табылды

Үкімет • 12 Ақпан, 2020

Үнемдеген қаржы дәрігердің еңбекақысын арттырды

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қызмет ететін барлық медициналық мекеме цифрлы жүйеге көшкен болатын. 121 есепке алу және есеп беру формасының 100-ден аса түрі цифрландырылды. Нәтижесінде қағаз бен УДЗ пленкаларына қажеттілік жойылып, сәйкесінше бюджет шығындары қысқарды. Айталық, 2018 жылы – 226 млн теңге, 2019 жылы – 540,1 млн теңге үнемделді.

Қазақстан • 11 Ақпан, 2020

Тұңғыш Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Кездесу барысында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері қаралды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 11 Ақпан, 2020

Ералы Тоғжанов Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Ақпан, 2020

Офицерлердің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды

Алматы қаласындағы Радиолектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында офицерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырудың жоспарлы курстары ұйымдастырылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Ақпан, 2020

Мәжілісте цифрлық технологияларды реттеуге қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті

Бүгін Мәжілісте Вице-спикер В. Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Ақпан, 2020

Мәжілісте нормашығармашылықты жетілдіруге қатысты түзетулер таныстырылды

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзегрістер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Ақпан, 2020

Д. Назарбаева: Азаматтарымызды отандық өніммен қамтамасыз етуіміз керек

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауға дайындық барысында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орналастыру сұрақтары бойынша мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Ақпан, 2020

Сенаторларға мемлекеттік кірістер саласындағы өзгерістер таныстырылды

Парламент Сенаты жанындағы Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Экология • 11 Ақпан, 2020

Алматының ауасын қалай жақсартамыз?

Алматының атмосфералық ауасын жақсарту мəселесін шешу үшін Алматы ЖЭЦ-2-ні газға көшіру немесе сүзгі орнату ойластырылуда. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі  М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Технология • 11 Ақпан, 2020

Қазақстандықтардың жеке деректері қалай алынады?

Әрбір азаматты оның жеке деректерінің пайдаланылғаны туралы хабардар ету, цифрлық құжаттарды заңдастыру және азаматтарға биометрикалық деректердің көмегімен мемлекеттік қызметтерді алуға рұқсат ету. Осы және басқа да жаңашылдықтар цифрлық технологиялар мәселелерін реттейтін заң жобасында ұсынылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.