Руханият • 20 Қараша, 2019
Билік қызметіне келуге әр адамның құқы болғанымен белгілі бір билік лауазымына оның дайындығы, білімі, біліктілігі, қабілеті, мінез-құлқы, адалдығы, әділдігі, тазалығы сияқты толып жатқан талаптарға жауап бере алатын мүмкіндіктері есепке алынары да белгілі. Өкінішке қарай, билік лауазымына ұмтылатын кейбір адам биліктің жоғары адамгершілік жауапкершілігінен бұрын оның үстемдігі мен артықшылықтарын көбірек ойлайды. Биліктің беделін түсіретіндер негізінен оған кездейсоқ, немесе өзінің әуел бастан мансапқорлық мақсаттарымен келетін лауазымдылар қызметтен кеткеннен соң оларды қоғам, халық түгілі өзінің төңірегіне жинағандары да ұмытып кетеді. Керісінше, биліктің биігінде жүргенде мейлінше елге адалдықпен қызмет етуге тырысатын тұлғалар да баршылық. Ондай азаматтар еңсесі көтеріңкі, беті ашық, жүзі жарқын, сөзі орынды, құрметке ие.
100 • 20 Қараша, 2019
Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетіне студент кезімде 1987 жылы келген едім. Осы басылымда 7 жылға жуық еңбек етіп, бүгінде қызмет бабымен дипломатия саласына ауысып кеткеніме ширек ғасырдан асса да, әлі күнге ұлттық журналистиканың маңдайалды басылымы «Егемен Қазақстан» десе елең етіп, жан дүнием елжіреп сала береді. Өйткені бас басылымда ересек өмірге қадам басқандағы алғашқы еңбек жолым басталып, осында жинаған тәжірибем мен үшін үлкен мектеп болды.
100 • 20 Қараша, 2019
Тоқсаныншы жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінде «Нүриден Мүфтахов» деген атпен фельетон жазатын әріптес ағамыз бір күні «Нүри Мүфтах» деген авторлық қолтаңбамен газет бетінде жарқ ете қалды. Оған сол кездегі өзгерістер ықпал етті. Газеттің аты да «Егеменді Қазақстан» болып өзгерді. Оның бас редакторы Шерхан Мұртазаев та ата-тегінен «ев» жұрнағын алып тастады. Басқа журналистер де сол үлгіге көшті.
Парламент • 20 Қараша, 2019
Заң мәтінін мемлекеттік тілде дайындау маңызды
Парламент Сенаты, Әділет министрлігі мен Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Президент • 20 Қараша, 2019
Азаматтық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президент • 19 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Наһаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алып, оның бауыры, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Қараша, 2019
Мәжіліске Канада Премьер-министрінің арнайы өкілі келді
Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Канада Премьер-министрінің арнайы өкілі Стефан Дион мырзамен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Қараша, 2019
Елордада бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтеді
2019 жылғы 21 қарашада Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында ел бойынша «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Қараша, 2019
Мәжіліске Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі келді
Бүгін Мәжіліске Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кийтумэци Мэттьюс келді.
Қоғам • 19 Қараша, 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемеген азаматтардың тізімін жаңартты
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша 1 млн теңгеден жоғары салық төлеуден қарызы бар азаматтардың жаңартылған тізімін ұсынды.