![Egemen Qazaqstan](/user_photo/1483952278_user.png?width=300&height=300)
Ең қысқа әңгіме • 23 Қазан, 2019
Ең қысқа әңгіме • 23 Қазан, 2019
Ең қысқа әңгіме • 23 Қазан, 2019
Президент • 23 Қазан, 2019
Елбасыға Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілді
Марапаттау рәсімі барысында Елбасы Цукуба университеті өзінің терең тарихымен танымал әлемдік деңгейдегі білім беру және зерттеу орталығы саналатындығын атап өтті. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 23 Қазан, 2019
Елбасы Такео Кавамурамен кездесті
Елбасы Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Қазан, 2019
Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда
2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында 28 мың 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 19 мың 544 адам жұмысқа орналастырылса, оның 12 мың 192-і тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 23 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Ресейге жасаған ресми сапарының аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қазан, 2019
Алтай Көлгінов үкіметтік емес ұйымдармен кездесті
Елордада қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қандай көмек көрсетіліп жатқанын, әлеуметтік кәсіпкерлік пен еріктілік дамуы жөнінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері айтып берді. Елорда әкімі Алтай Көлгінов кездесуге қатысқан барлық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады. Кездесу «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 23 Қазан, 2019
Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы өткізілетінін атап көрсетті. Сонымен бірге мұндай атаулы дата барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаның еңбегін халық арасында дәріптеу керектігіне тоқталды. Осыған орай Абай шығармалары мен туындыларын зерттеп жүрген ғалым ретінде екі-үш ауыз ой-пікірімді ортаға тастағанды жөн көрдім.
Руханият • 23 Қазан, 2019
Қазақ ғылымында зерттеушісін теңіз түбінен інжу-маржан сүздіргендей қымбат қазынаға кенелте беретін бір тақырып болса, ол – Алаш тақырыбы. ХХ ғасырдың басында Алашорда өкіметін құрған алашшыл азаматтардың ұлтқа сіңірген орасан еңбегін қай қырынан зерттесең де құнарлы, мазмұнды болуының, індеткен сайын сарқылмауының себебін тікелей ұлт мұратымен, ұлттық мүддемен байланыстыра қараймыз.