Кино • 11 Қараша, 2019
Әдебиет • 11 Қараша, 2019
Осындай атпен жазылған бұл мақаланың авторы – Есхан Есетов 1945 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет істеген. Ал 1945-1959 жылдары аралығында аталмыш газеттің Алматы облысы бойынша тілшісі, кейіннен осы газет редакциясы аппаратында еңбек етеді. Сондай-ақ аға-апалар, еске түсіріңіздерші, «Ал кәнеки жолдастар, шық біреуің той бастар» деп жеңіл де ойнақы әуенмен басталатын «Тойбастар» әнін ұмыта қоймаған шығарсыздар. Есхан ағамыз өз заманында, қазіргі тілмен айтқанда хит болған осы әннің иесі, белгілі сазгер. 1958 жылы Алматының Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан Ілияс Есенберлиннің әдеби редакторлығымен «Әндер жинағы» жарық көрген. Қазақта Бейімбет Майлинді, оның атақты кейіпкері Мырқымбайды білмейтін кісі кемде-кем. Мырқымбай әдебиетіміздегі типтік бейне ғана емес, қазаққа сіңісті замандас сипатын аңғартар тұлға, мәтелге, тіпті қанатты сөзге айналған есім. Ендеше, Мырқымбай өмірде шын болған адам ба? Болса ол кім еді? Міне, осындай сауалдарға біздің қолымыздағы мына «Мырқымбай» деп аталатын материал біршама жауап беретін сыңайлы. Материал 2013 жылы Е.Есетовтің туындыларын жинап-теріп, ағайын-туыстары Қостанай қаласынан шығарған «Естеліктер» жинағына енген. Әңгіме өткен ғасырдың елуінші жылдары жазылған. Біз сіздердің назарларыңызға автордың өзіндік қолтаңбасын сақтай отырып, ықшамдалған нұсқасын ұсындық. Жанұзақ АЯЗБЕКОВ, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Театр • 11 Қараша, 2019
«Театрды сүйдім, тіпті отбасымнан да артық көрдім»
Талантты режиссер Рүстем Оразбайұлы Есдәулетов арамызда болса, 2018 жылдың тамыз айында 40 жасқа толар еді-ау... Міне, оқтай зулап Рүстемдей оғлан ұлдың өмірден өткеніне де 10 жыл болыпты. Мұндайды қазақ «Қайран, уақыт-ай» деп күрсіне есіне алады. Халқымызда «Шыр етіп жарық дүние есігін ашқанда маңдайына жазылған» деген де сөз бар... Өзі армандаған оқуын тәмамдаған соң Алматы шаһарында өзіндей таланттармен бірге сүйікті ісімен айналысып жүре бергенде қалай болар еді деп те ойлаймыз кейде.
Қоғам • 11 Қараша, 2019
«Таңғы нәсіп Тәңірден» демекші, сәтті бір күні дәм бұйырып, Қап тауының баурайындағы Қабарды-Балқар еліне қарай жол тарттық. Ресей құрамындағы Қабарды-Балқар Республикасы өткізгелі жатқан ҚБР халық ақыны, ҚБР және РКСФР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Әлім Пшемахұлы Кешоковтың туғанына 105 жыл толуына арналған халықаралық поэзия фестиваліне қонақ ретінде қатысу мәртебесіне ие болыппыз. Әрине халықаралық жыр мерекесіне халықаралық ұйым атынан ат арытып барудың өзі де бір мәртебе екені көңілімізді көкке көтергені және рас.
100 • 11 Қараша, 2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық тарихында Алматының орны айрықша екенін осы күнге есендікпен жеткен егемендіктер де, тәуелсіздігімізді қастерлейтін бүгінгілер де бес саусақтай біледі. Төл басылымымыздың 100 жылдығына арналған шаралар легі қасиетті жұмада Алматы шаһарында жалғасын тауып, 8 қараша күні Гоголь көшесіндегі 39 үйге ескерткіш-тақта орнатылды. Енді бұл ғимараттың маңынан әрі-бері өткен алматылықтар мұнда қазақтың небір маймалман журналистері қалам тербеп, егемендігіміздің елең-алаңына куә болғанын біле жүрер...
Парламент • 11 Қараша, 2019
Отырыстың негізгі күн тәртібі анықталды
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бокс • 10 Қараша, 2019
Мадияр Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді
Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен (43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді деп хабарлайды Vesti.kz.
Қоғам • 10 Қараша, 2019
Нұр-Сұлтан: қай көшелер жарықсыз отыр?
Нұр-Сұлтан қаласы Есілдің сол жағалауында бірнеше көше тұрғындары жарықсыз отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 10 Қараша, 2019
Халықаралық Түркі академиясы ұжымы Ататүрікті еске алу шарасына қатысты
Бүгін Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігі өмірден өткеніне 81 жыл толған Ататүрікті еске алды. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
Қазақстан • 10 Қараша, 2019
Синоптиктер 2019 жылы 10 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері.