Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19537 материал табылды

Абай • 07 Тамыз, 2023

«Ақсұңқар құстың баласы Ұяда алтау болмас па?»

Бұл тәмсіл Бұқар жырау Қалқаманұлының «Айтар болсаң, Алланы айт» деген жырынан желі тартады. Ол кемеңгер Абайдың «Сегізаяқ» өлеңіндегі «атадан алтауға» қатысты «түйткілдің» сырына сәуле түсіреді. «Ұяда алтау болғанмен, Оның ішінде біреуі-ақ алғыр болмас па? – дейді бұдан әрі ұлы жырау, – Алғырының белгісі / Ұзақтан жемді ілмес пе?». Біздің жанарымызды байлай беретіні де жырдың осы тұсы. Әсіресе «алтау» сөзі: «Адамзаттың баласы / Атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, Оның ішінде біреуі ғана арыстан болмас па?».

Қоғам • 07 Тамыз, 2023

Су құбырының тозығы жетіп тұр

Жақында Теміртауды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған негізгі желінің құбыры жарылып, бүтін бір шаһар сусыз қалған еді. Жасыратыны жоқ, кейіні уақытта су құбыры тозып, апат жиілеп тұр. Бір жылдың ішінде 500-ден аса апат орын алыпты. Қарағандыдан тартылған каналдың 90 пайызының тозығы әбден жеткен. Қазір қала басшылығы құбырдың шіріген бөліктерін алмастырып жатыр. Жұмысқа ширап кірісті. Су да тұрғындарға кестемен беріле бастады.

Спорт • 07 Тамыз, 2023

Балқаштық балуан бабында

Алматыда ардагерлер арасында дзюдодан өткен ел чемпионатында балқаштық Өмірғали Мұхаметжанов чемпион атанды.

Қазақстан • 04 Тамыз, 2023

Әділдік жолы: Бағыт пен бағдар

2022 жылы мемлекетіміздің тарихи бетбұрыс жасағаны әмбеге аян. Сол кезде әділетті, шын мәніндегі Жаңа Қазақстанды құру идеясы туындады. Мемлекет пен қарапайым халық үшін аса маңызды бұл құжаттың бастауында – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тұр.

Аймақтар • 04 Тамыз, 2023

Газ Қарағандыны ыстан құтқарады

Қарағанды жұртшылығы қыс түсе қаланы тұмшалайтын көк түтіннен арылатын шақ көп күттірмейді деп үміттенеді. Бүгіннің өзінде біраз көшеге газ келіп тұр. Ендігі шаруа тұрғындарға тікелей байланысты. Көшесіне жеткізілген газды үйіне тартып алу ғана қалып тұр. Осы тұста жергілікті биліктің де қамсыз қарап отырмағанын атап өтуіміз керек-ақ. Пайызсыз несие мен әлеуметтік көмек қарастырылып отыр. Кететін шығын есебін сұрасаңыз, шамамен бір үйдің 150,2 текше метр аумағын жылыту үшін 770 мың теңге көлемінде қаражат қажет.

Білім • 04 Тамыз, 2023

«IT-медицинаның» алғашқы түлектері

Қарағандыдағы «IT-медицина» инновациялық білім беру бағдарламасының алғашқы 38 түлегі диплом алды. Қолдарына жаңа диплом алған жас мамандар маңызды саланың, яғни ақпараттық технологиялар мен денсаулық сақтау жүйесінің байланыстырушы буыны болады.

Абай • 04 Тамыз, 2023

Сезімдік әлем: бақи мен фәни

«Абайдың жұмбағының» шешуі қазіргі дүниеауи ғылымның барлық саласы үшін «жұмбақ» болып саналатын Хақ пен Бірлік, Әуелгі себеп, Әуелгі Қозғалыс, Мәңгілік (Бақи), Уақыт (Фәни), Кулли ақыл мен Кулли Жан, Сезімдік әлем, затиялық, субутиялық және фиғыли себеп сияқты тағы да басқа аса тылсым ұғымдардан және ол туралы тарқатыла тарамдалған сан қилы қисындардан тамыр тартады. Хасс әл-хасс дейгейлі даналардың ой ұшқындарына назар салсақ, зады Алланың Жаратуы мен Хикметін (міндетін) бөлісуі туралы оқымыстылардың арасында ілгері дәуірде әлдебір пікір сызаты болған сияқты. Сондай күрделі бақастыққа барған (пікір таласы, дискуссия) пікірдің ұшығы Абайдың шығармаларынан да аңғарылып қалады. Ол Хақ туралы қағидаларды ойында екшей келе, сырттай қарағанда Жаратушының хикметіне күмәндәнғандай күфірлік боп көрінетін: «Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулі мен өлшеусізді білерге мүмкін болмайды. Біз Алла Тағала «Бір» дейміз, «Бар» дейміз, ол «Бір» демектік те – ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса, ол: «Бір» демектік те Алла Тағалаға лайықты келмейді» деген, немесе: «Жә, енді ақылды еркіне жібермесек, Құдай Тағаланың: «Ақылы бар кісіге иман парыз» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды(ға) оны ойлама дегенімізге, пенде бола ма (көне ме)? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады?» деген тосын сұрақтар қояды.

Әдебиет • 04 Тамыз, 2023

Ұстаз бен шәкірт ұсынған қолтаңба

Әңгіме жазушы кітабының оқырманына берілетін қолтаңбасы жөнінде өріл­мек. Қасиетті кітап жөнінде ғұламалар – Мұхтар Әуезов: «Әрбір адамның ең жақсы досы, өмір досы – кітап болуға тиіс», Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», Әбіш Кекілбаев: «Кітап, кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты», деп өнегелі пайым қалдырған екен.

Спорт • 04 Тамыз, 2023

Шығыстан 18 үміткер бар

Тура бір жылдан кейін Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпия ойын­дары­ның жалауы көтеріледі. Қазақ елі үшін бұдан бұрынғы олим­пиадалар табыссыз өткен жоқ. Әсі­ресе Атланта мен Сиднейде көк туымыз көкке көп мәрте көтерілді. Тек мұ­ның алдындағы Токио Олим­­пиадасында пан­де­мияның салдары ма, жоқ дайындығымыз нашар болды ма, еңсеміз түсіп, елге 8 қола­мен орал­дық. Мұның аса нашар көр­сеткіш екені айтпаса да түсінікті.

Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Сенаторлар ауылда жүр

Сенаторлар Шығыс Қазақстан облысындағы аграрлық сала өкілдерімен кездесті. Депутаттар Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданын­дағы Аблакет ауылдық округінің Бестерек ауылын­да болды.