Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Президент • 26 Қыркүйек, 2019

Ел жетістіктері ерекше аталды

БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемнің 193 мемлекетін біріктіріп, өзекті геосаяси қарым-қатынастарды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін ауқымды диалог алаңы екені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы өз жұмысын жалғастыруда. Сессияның басты тақырыбы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырумен тікелей байланысты болып отыр.

Әлем • 26 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары әлем назарында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа мемлекеттік сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясына қатысты. Іргелі ұйымның бұл жолғы жиыны «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбына арналған болатын. Осы орайда, Мемлекет басшысы беделді мінберде сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерге халықаралық қоғамдастық назарын аударды. Айта кетерлігі, бұл – Қ.Тоқаевтың Президент ретінде қатысқан БҰҰ-ның алғашқы жиыны. Осы бір ерекше оқиға әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары назарынан тыс қалған жоқ. Синьхуа, Bloomberg секілді алпауыт агенттіктер мен the Hill, Agenparl секілді басылымдар Мемлекет басшысының сапарына кеңінен тоқталды.

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Ортақ ұстанымдар үйлесімі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Саясат • 26 Қыркүйек, 2019

Еуразия елдері парламенттері спикерлері кеңесінің қорытындысы бойынша комментарий

Кеше Еуропа және Азия елдері Парламенттері спи­кер­лерінің отырысы өтті. Енді осы мәселе бойынша пікір бөліскім келеді.

Президент • 26 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 26 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен кездесті

Фин әріптесімен кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 26 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясындағы екі жақты кездесулері Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Бетелльмен келіссөз жүргізумен жалғасты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президент • 26 Қыркүйек, 2019

Орнықты даму мақсаттары адамзатқа жарқын болашаққа қол жеткізуде нақты жол картасын ұсынады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында Тұрақты даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі форумда сөз сөйледі, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.