Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019

«Алтын Адам» Анкарада асқақталды

Еліміздің ең көрнекті тарихи мұрасы «Алтын адам» Анкарада таныстырылды. Еуропаның ең үздік деп табылған Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы Дала: тарих және мәдениет» көрмесі салтанатты рәсіммен ашылды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі хабарлайды.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019

Уәдесін орындауға бағыт алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп көзін тіккен алғашқы Жолдауының басты ерекшелігі, осыған дейін алған биіктеріміздің, қол жеткізген игіліктеріміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарған дәуірмен байланысты болғанын дәйектеп айта отырып, өзінің Сайлауалды тұғырнамасында жүйелеп, саяси бағдарламасында айқын көрсеткен, халыққа берген уәдесін нық сеніммен жүзеге асыруға бағыт алғанын байқатты.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019

Туризмді дамытуға мүмкіндігі мол ел

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өз Жолдауы арқылы елдегі ұлттық әуе компанияларының тарифтеріне сын тағып, бағаларды төмендетуге берген тапсырмасы Қазақстанда туризмді дамытуға бағытталып отыр.

Қоғам • 13 Қыркүйек, 2019

Өзекті мәселелерді шешу жолын ұсынған құжат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының мәтініне сапалық және сандық контент-талдау жасау қойылған мәселелердің кезектілігі мен өзектілігіне, басымдықтарына қарай анықтама беруге мүмкіндік береді.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2019

Ұлы дала тарихының басты қыры – Алтын Орда

Ұлт тарихын түгендеуде қашанда күрделі мәселелер бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн», деп атап көрсетті. Тарихтағы өз орнымызды саралауда Алтын Орда кезеңіне соқпай кете алмаймыз. Соңғы жылдарда Ресей тарапы Алтын Орда тарихына қатысты ғылыми қалыптасқан көзқарастарын қайта қарап жатқаны белгілі. Екі жүз елу жыл татар-моңғол басқыншылығының езгісінде болып, елдікке азаттық күрестердің нәтижесінде жеттік дейтін тұжырымдардан гөрі ел болып, етек-жеңімізді жинауға Алтын Орданың мемлекеттік жүйесі тікелей ықпал етті деген пікірлер ұсынылуда. Әрине Алтын Орда ыдырағаннан кейін күшейген Мәскеу Русі мемлекеттік жүйені Алтын Орда дәстүрімен қалыптастырғаны аян. Осы тұжырымның артында Алтын Орданың мұрагері біз, Ресей деген ашық ой жатыр.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019

Әскери әуе күштерінің әлеуеті зор

Жойғыштар мен шабуыл ұшақтарының тойтарысы, экипажды құтқару, авиациялық зымырандардың іске қосылуы – Қарағанды облысының «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық-2019» тактикалық оқу-жаттығуының ең көзтартар белсенді фазасы өтті. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қызметшілердің дайындығы мен кәсіби деңгейіне баға беруге келді.

Қоғам • 13 Қыркүйек, 2019

Аралдың азаматы – аспанның ақиығы

Арманшыл келетін ауыл баласының қиялы аспан әлеміне жиі қонақтайды. Кептер ұшқан көктен адамның көңілі одан да жоғарыда қалықтайды. Бұл ұшқыш болам деген баланың көңілі екенін бүгін білдік.

12 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Қытай Компартиясының Чжецзян провинциясындағы хатшысы Чэ Цзюньмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Чжецзян провинциясының басшысына ризашылық білдіріп, Қытай Халық Республикасының қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент • 12 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті

Қытайлық бизнесменмен кездесу кезінде әлемдік экономикадағы заманауи және маңызды мәселелер, кәсіпкерлік пен электронды коммерцияны дамыту жағдайы сөз болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019

Елордада ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.