Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Парламент • 12 Қыркүйек, 2019

Өзекті мәселелер бейбіт жолмен шешілгенде ұтымды

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Палестинаның Қазақстандағы елшісі Монтасер Әбу Зейдті қабылдады.

Парламент • 12 Қыркүйек, 2019

Иорданиямен байланыс нығаяды

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Иорданияның Қазақстандағы елшісі Юсеф Әбделғаниды қабылдады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Президент • 11 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті

Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьеріне қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, өзінің Қытайға Қазақстан Президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Осы орайлы сәтте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кэцянды және достас қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 11 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер басшыларына құрмет көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 11 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Қайрат Нұрпейісов Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 11 Қыркүйек, 2019

Мәжілістің кезекті жалпы отырысында не айтылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата Қазақстан мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Спорт • 11 Қыркүйек, 2019

Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді

Футзалдан Қазақстан Суперкубогін «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары сарапқа салады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019

«Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы аяқталды

Бүгін Қазақстан елордасында «Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясының аяқталуына орай «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Спорт • 11 Қыркүйек, 2019

Қазақстан биатлоншылары допингке қатысты істі жеңіп шықты

2019 жылдың 10 қыркүйегі күні Халықаралық Биатлоншылар Одағының (IBU) допингке қарсы панелі биатлоннан Қазақстан командасының тоғыз спортшысына тағылған уақытша жарыстан шеттету туралы айыптың күшін жойды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.