Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин ЕҚҚДБ Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) Директорлар кеңесінің мүшелерімен Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың келешегі мен қазіргі жағдайын талқылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Елордадағы жаңа Astana IT университетінде 6 бағыт бойынша 613 студент білім алады

Елордада EXPO аумағында орналасқан жаңа Astana IT University таныстырылды. Мекеменің міндеті - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру аясында білікті кадрлар дайындау. Студенттер криптографияны, робототехниканы, Big Data, жасанды интеллект, сандық криминалистиканы, бағдарламалауды үйренеді. Биылғы оқу жылында университет қабырғасында 6 бағыт бойынша 613 студент білім алады. Жалпы 579 грант бөлінді.

Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019

Үкіметте республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы шығарылды

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы шығарылды. Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, сондай-аұ Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев баяндама жасады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019

Үкіметтің жобалық кеңсесі Президент Жолдауын іске асыру барысын үйлестіру мен мониторингін қамтамасыз етеді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатпен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов таныстырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019

Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын қабылдады

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстан Республикасының Президентінің «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин: Қазақстан экономикасының өсімі 8 айда 4,3% құрады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Президент • 10 Қыркүйек, 2019

Президент Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 10 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли  Facebook желісіндегі  парақшасында жазды.

Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

Эльбрусты бағындырған ер

Отыз сегіз жастағы сырымдық Исатай Темірбаев әлемнің «жеті шыңына» кіретін әйгілі Эльбрус тауына шығып, теңіз деңгейінен 5642 метр биіктіктегі Кавказ бен Еуропаның ең биік нүктесін бағындырды. Темірбаевтың Батыс және Шығыс биігіне шығуы 5 қыркүйек күні сағат 09:30-да тіркелді.

Спорт • 10 Қыркүйек, 2019

«Астана» қай елдің командасы?!

Егемен еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтанның намысын қорғап жүрген «Астана» деп аталатын кәсіби футбол клубын жұрттың бәрі жақсы біледі. 2009 жылы құрылған бұл команда бес рет ел чемпионы атанып, үш рет Кубок пен төрт рет Суперкубокты жеңіп алған. Кәрі құрлықтағы байрақты бәсекелерде табысты өнер көрсетіп жүр. Чемпиондар лигасының топтық бәсекесінде өнер көрсетумен қоса-қабат Еуропа лигасының 1/16 финалында ойнаған. Биыл да Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Тіл-көзіміз тасқа дегенімізбен, мына бір жағымсыз жағдаят еріксіз жағамызды ұстатады.