Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер экспортының көлемі 11,7 мың тоннаны, импорт - 75,7 мың тоннаны құрады. Жалпы, 2018 жылы 800,8 мың тонна нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер тұтынылды, импорт үлесі – ішкі тұтынудың жалпы көлемінің 9,4% - ы.
Нан өндірушілер халықтың нанға деген сұранысын қанағаттандырумен ғана емес, сонымен қатар нарықта сұраныстың болуына байланысты шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтумен де белсенді жұмыс істейді: бұл негізінен нан-тоқаш, ұзақ және аз мерзімге сақталатын ұннан жасалған кондитерлік өнімдер.
АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын АӨК субъектілері (оның ішінде нан өндірушілер) үшін мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көзделіп отыр айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі оны теңгемен жылдық 5 % (бес) % - ға, негізгі құралдарды сатып алуға-теңгемен жылдық 10% (он) % - ға төмендету жолымен субсидияланады.Субсидияларды беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген нан өндіруге есептелген ҚҚС сомасын 70% - ға азайту.
Сондай-ақ «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесіне субсидиялаумен несиеленетін бағыттар тізіміне «нан өндірісін» енгізу мәселесі қарастырылуда.