Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019
Еліміздің бірқатар қаласында тағы бірнеше инклюзияны қолдау кабинеті ашылады
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұр-Сұлтан қаласындағы №71 мектеп-лицейде ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне арнайы барып, аталған бағыттағы жұмыстармен танысты. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2019
Саяжайлықтар үшін жаңа көпірлер салынады
Талдықорған қаласында «Қызылтас» саяжайы аумағында Қаратал өзені арқылы өтетін екі көпір салынбақ. Дәл осындай өтінішпен саяжайлықтар облыс әкімі Амандық Баталовқа өтініш айтқан болатын. Мәселенің шешімі көп күттірген жоқ. Биылғы жылдың желтоқсан айына дейін жобалау жұмыстары аяқталады. Барлық қажетті процедуралар аяқталған соң келесі жылдың көктемінде құрылыс жұмыстары басталмақ. Жоспар бойынша жұмыс 11 айға созылады. Бұл туралы өңірдегі құрылыстар жобаларының таныстырылымында айтылды деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Саясат • 26 Қыркүйек, 2019
Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин Пәкістан Президенті Ариф Алвимен сенім грамоталарын тапсырды деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019
Дәрігерді қай кезде үйге шақыра аласыз
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Маңғыстау филиалы әңгімелеп берді.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019
Орталық Азия БҰҰ ІІ Халықаралық моделінің ашылуы өтеді
Ертең Назарбаев орталығының ғимаратында Жастар жылына арналған Орталық Азия БҰҰ ІI Халықаралық Моделінің ашылуы өтеді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының ашылуына қатысты
Премьер-Министр Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» пленарлық отырысына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2019
МСҚ медицина ұйымдарына 697 млрд теңге төледі
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтер үшін 697 млрд теңге төледі. Бұл туралы қордың Маңғыстаудағы филиалы хабарлады.
• 26 Қыркүйек, 2019
Алматы облысында ақпараттық технологиялар саласында өңірдегі бірінші технопарк ашылды
Кеше Талдықорған қаласында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Jetysu Hub ІТ орталығы салтанатты түрде ашылды. ІТ мамандарының жаңа толқынын дайындау мен стартап-мәдениетін қалыптастыру, ел экономикасын ілгерілету үшін жоғары технологиялы жобалар әзірлеу мақсатында ашылған орталық облыстың ІТ индустриясының негізгі ядросы болады деп күтілуде. Осы мақсатта Astana Hub ІТ стартаптар халықаралық технопаркінің басқарушы директоры М. Сихаев пен Jetysu Hub ІТ орталығының басшысы М.Әсет өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қой қойды деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2019
Үкімет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді
Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сонымен қатар, ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей тараптарының ортақ жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. "Союз МС-15" басқарылатын ғарыш кемесінің ұшырылуы сәтін тамашалады. Жұлдызды қалашықта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді аралап көріп, қаланы газдандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2019
Талдықорғанда алкоголь өнімдерін заңсыз өндіргендер ұсталды
Алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша МКД және Талдықорған қаласы бойынша МКБ қызметкерлері бірлесе отырып қала аумағына тексерулер жүргізді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.