Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19537 материал табылды

Пікір • 29 Маусым, 2023

Жаңашылдар бастамасы

Форум аясында барлық деңгейдегі Мәжіліс және мәслихаттардың депутаттары Астана қаласына жиналып, партия басшылығымен бас қосты. Біріншіден, саяси іс-шара – еліміздегі түйіні әлі күнге дейін тарқамаған проблемаларды талқылап, сол мәселе тура­сында өз ойын, ұсыныс-пікірін ашық айтуға деген өте жақсы мүмкіндік.

Пікір • 29 Маусым, 2023

Күш біріксе, көш іркілмейді

Парламент пен жергілікті өкілетті орган арасында тығыз байланыс болу керек. Қабылданған заңның төменге барған соң жұмыс істеуі, өміршең болуы өте маңызды. Ал аймақтағы депутаттар көптеген проблеманы бүге-шігесіне дейін біледі, тікелей араласады. Сондықтан заң шығару үдерісіне бірінші кезекте мәслихаттар депутаттары араласқаны дұрыс. Бұл заң­дардың сапалы, халыққа жа­қын болуына ықпал етеді деп есептеймін.

Пікір • 29 Маусым, 2023

Бірінші кезекте – халық мүддесі

Қазір партия өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар тұлғаны таба білуі қажет. Ертең сайланып алған соң, халыққа ой айтпайтын, пікір білдірмейтін депутаттан не пайда?

Руханият • 29 Маусым, 2023

Ел анасы

Халық шежіресі оның танымал өкілдерінің тағдырынан, соның ішінде ұлтты өрбітуде маңызды орынға ие әйел-аналардың ғұмырбаянынан да тұрады. Айша бибі, Домалақ ана, Қарқабат, Бопай, Қызай ана, Жүзей, Айғаным, Күнбике, Айбике, Зере, Аққағаз, Әлия мен Мәншүк, Дина өмірі – осының дәлелі.

Қоғам • 29 Маусым, 2023

Ташкент облысындағы қазақ мәдениетінің жоқшысы

Дәмір Ергешұлы Қалдыбаев 1953 жылы 20 мамырда Ташкент уәлияты Жоғары Шыршық ауданының  Йік  ата  ауылында зиялы  отбасында  дүниеге  келді. Оның  әкесі  Ергеш тарих  пәнінің мұғалімі болып  мектепте, ал анасы Қаншайым байланыс бөлімінде, содан соң  кітапханада  жұмыс  істеді. Алайда  Дәмір  олардың  бес  ұлы  мен  алты  қызының ішіндегі  тұңғышы болғандықтан әдеттегі қазақи дәстүр бойынша әжесі Қыздығойдың тәрбиесін көріп өсті.

Дін • 28 Маусым, 2023

Құрбан айт құтты болсын!

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Бар­лық мақтау Аллаға тән. Ардақ­ты Пайғамбарымыз Мұхам­медке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Саясат • 28 Маусым, 2023

Жаһандық бәсеке рейтингі

Халықаралық менеджментті дамыту институты (International Institute for Management Development (IMD) 1989 жылдан бастап жыл сайын «World Competitiveness Yearbook» (WCY) әлемдегі бәсеке қабілеті туралы есепті жариялап отырады. Аталған құжатта бәсеке қабілетінің әртүрлі қырын өлшейтін 330-дан астам өлшем негізінде 64 елдің көрсеткіші салыстырылады. Мұндағы нәтижелер 57 институт желісі, бизнес-қауымдастық, мемлекеттік орган және ғалымдар арасында жүргізілген сауалнама мен 6400 басшының жауа­бына негізделген.

Қазақстан • 28 Маусым, 2023

Апталық жедел кеңес

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қызылорда облысында сауда және интеграция және ауыл шаруашылығы вице-министрлері, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, еліміздің барлық өңірі әкімдерінің орынбасарлары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары төрағаларының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар тауарлар баға­сын реттеу мәселелері бойынша апта сайынғы жедел кеңес өткізді.

Пікір • 28 Маусым, 2023

Хат қоржын

Технология • 27 Маусым, 2023

ChatGPT мен журналистика

Қандай да бір ғылыми жаңалық ашса, өзінен бұрын киносын шығаратын Американың балалары жасаған ChatGPT біраз уақыттан бері қызу талқыға түсіп, көптің көкейіне орнықты. Одан бұрын да жасанды интеллект туралы жазбалар жаһанды жалпағынан басып жүрген-тін. Солардың арасында жасанды интеллект журналистика саласындағы жұмыстарды өздігінен мойнына алып, көптеген журналистерді «аш қалдырады» деген сыңайлы әңгімелер бар...