Қазақстан • 28 Наурыз, 2024

«Сергек» камералары Алматы бюджетіне қанша ақша түсіреді?

686 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Сергек» камераларының бір жылда бюджетке қанша ақша түсіретіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сергек» камералары Алматы бюджетіне қанша ақша түсіреді?

Айта кетейік, Алматыда 7 мыңнан астам «Сергек» камерасы жұмыс істейді. Жақында жаңаларымен толықтырылып, өзгерістер енгізілді. Енді «Сергек» камерасы адамның көзінен де қырағы болып, көліктегі ең ұсақ бөлшектерді де түсіре алады.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық жүйелерімен жалпы сомасы 12 миллиард 878 миллион 922 мың теңгені құрайтын 1 847 765 құқық бұзушылық тіркелген.

Алматы полициясы көшедегі «Сергек» камераларынан келесі бұзушылық түрлері тіркеліп жатқанын хабарлады:

  • жылдамдықты шектен асыру;
  • тұтас сызықты кесіп өту;
  • қосарланған тұтас сызықты кесіп, кері бұрылу;
  • тыйым салынған жерде тұрақ/тоқтау;
  • бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту.

Сонымен қатар пилоттық жоба аясында қауіпсіздік белдіктерінің тағылмауы және жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактілері тіркеледі.

Сондай-ақ жақында Алматыда «Сергек» бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткендерді тіркеуі мүмкін. Наурыз айының басынан бері мұндай бұзушылық түрі Астанада түсіріле бастады.

Айдың соңына дейін «Сергек» бейнебақылау камералары Алматы барахолкасының маңындағы жолға орнатылады.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті