Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматының Жетісу ауданында қойма өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Футбол • 18 Шілде, 2019

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Астана» жарысты жалғастыра алмайды

Елордалық «Астана» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы додасынан шығып қалды. Олар бүгін сырт алаңда Румынияның ЧФР командасына 1:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан • 17 Шілде, 2019

Биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға 53 785 грант бөлінді

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрінің есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз маслихатында Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды ortcom.kz.

Қоғам • 17 Шілде, 2019

Халықпен ешқашан байланыс үзілмейді - Мұхтар Тайжан

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесіне қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Қазақстан • 17 Шілде, 2019

Ұлттық Кеңестің жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері қатысады

Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің құрамына жергілікті билік органдарының жанынан құрылған қоғамдық кеңестің өкілдері де шақырылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Президентінің Кеңесшісі, Ұлттық қоғамдық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының үздік брендбук байқауы қайта жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорданың үздік брендбук жобасын анықтау бойынша шығармашылық байқауын қайта жариялайды. Бұл байқау жастарды патриотизмге тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі.

Президент • 17 Шілде, 2019

Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Сенаторлар Оралдағы өндіріс орындарын аралады

Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келген Парламент Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Орал қаласы аумағындағы өндіріс орындарында болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Елордада барлық жерлерді тексеру жұмыстары жүргізіледі

Елордада барлық жерлерді пайдаланудың заңдылығы мен тиімділігіне тексеру жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгіновтың Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қала активімен кездесуінде айтылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Алтай Көлгінов қала активімен астананы дамыту жөніндегі міндеттерді талқылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қала активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Президент қойған міндеттерді ескере отырып, Нұр-Сұлтанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.