Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22283 материал табылды

Саясат • 28 Наурыз, 2024

Сенімді серіктестік

Қазақстан ШҰАА-да өтетін III өңіраралық ынтымақтас­тық форумына қатысады. Бұл туралы 2024 жылғы 26 наурызда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Қытай Халық Республикасы ШҰАА Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниазбен екіжақты кеңейтілген кездесу барысында уағдаласты.

Үкімет • 28 Наурыз, 2024

Энергетика саласындағы жобалар пысықталды

Премьер-министр Олжас Бектенов италиялық ENI компаниясының табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау және өндіру жө­нін­дегі директоры Лука Винья­тимен энергети­ка саласындағы ынтымақ­тас­тық мәселелері жөнін­де кездесу өткізді.

Пікір • 28 Наурыз, 2024

Жастар жаңашылдығының негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Ұлт­тық құ­­рыл­­­тайда сөй­леген сөзін тыңдағанда ұлы Абай­­дың «Қазаққа кү­зет­ші болайын деп, біз де ел болып, жұрт біл­генді біліп, халық қа­та­ры­на қосылудың қа­мын жейік деп ниеттеніп үйрену керек» деген жанашыр сөзі еріксіз ойға орал­ды. Пре­зидент ойы­ның Абай сөзі­мен үн­десуін оның Құ­рыл­тай­да айтқан ел болу ба­ғы­тына ұсынған алты құндылығы дәлел­дей­ді.

Технология • 27 Наурыз, 2024

Пайдасы пілдей, зияны зілдей

Жаһанды дүрліктірген жа­санды интеллектінің кер­неуі күннен-күнге күшейіп келеді. Өз бе­тінше ойлана­тын ро­бот­тар көбейіп, бар­лық салада басымдық алға­нына куә болып отырмыз. Тіпті біраз жұмыс орындарында адамдардың орнын алмастырып жатыр. Журналистер де бұл мәселеден алшақ емес. Жасанды зерде тілшілер қауымын өрге шы­ғара ма, орға жыға ма? Сараптап көрдік.

Ұлттық спорт • 27 Наурыз, 2024

Көшпелілер ойындарына гидтер дайын ба?

Елімізде V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтетінін естіп, біліп жүрміз. Оған жүзден аса мемлекеттен 4 мыңға жуық ойыншы қатыс­пақ. Бұған қоса түркі әлемі көз тіккен іс-шараға туристердің де көптеп келетіні түсінікті. Осы орайда туристерді күтуге, жағдай жасауға, еліміздің көрікті жерлерін таныстыруға отан­дық гид қызметтері дайын ба?

Руханият • 27 Наурыз, 2024

Өнеге жолы

Біздің жастық шағымыз нағыз думанды ортада өтті. 1982 жылы сол кездегі еліміздің маңдайалды оқу орны С.М.Киров Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне қабылданып, студенттер қалашығындағы жатақ­ханаға орналастық, жаңадан ашылған ғимаратта оқуымызды бастадық. Небір талантты ақындар мен жазушылар, журналистер білім алған білім ордасының кезекті толқыны болып біз де қосылдық. Алдымыздан сол кездің өзінде әдеби қауымға танылып қалған Светқали Нұржан мен Кенжебай Ахметов шықты. Кенжебай аға – прозаик, Светқали аға – ақын. Сөйтіп екі ақын болып жүргенде көп ұзамай Болат Қорғанбеков деген ақынның келгені. Енді үшеу болдық. Үшеуіміз бір үйдің баласындай болдық.

Қоғам • 27 Наурыз, 2024

ҒАЛАМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ: Жаңалық жүргізетін жасанды интеллект

Оңтүстік Кореяда жасанды интеллект арқылы жасалған тележүргізуші жаңалықтар бағдарламасын жүргізеді.

Сенат • 27 Наурыз, 2024

Сенаторлар ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссияларының отырысына қатысты

Парламент Сенатының депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскер • 27 Наурыз, 2024

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонында басшылық құраммен кеңес өткізді

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштердің командалық құрамымен көшпелі жедел кеңес өтті. 

Үкімет • 27 Наурыз, 2024

Société Générale банкі өкілдерімен қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық Société Générale банкінің Таяу Шығыс, Түркия/ТМД, Африка өңіріндегі басшысы Эмрик Арно және Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі басшысы Тейба Гулиевамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.