Қазақстан • 29 Наурыз, 2024
Салтанат Нүкенова Бишімбаев отбасынан 8 рет кетіп қалған
Бұл туралы Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Наурыз, 2024
Азиялық ренессанс және Қазақстан амбициясы. Тоқаевтың Қытайға сапары туралы
Саясаттанушы, шығыстанушы Әділ Кәукенов Қазақстан Орталық Азия аймағының үнін бүкіл Азияға естілуін қамтамасыз етуге аса мүдделі деген пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 29 Наурыз, 2024
Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Пікір • 29 Наурыз, 2024
Ғылым мамандарын даярлаудың өзекті мәселесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда озық дамыған мемлекет құру үшін азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керек екенін айтты. «Сол себепті біз қоғамда білімпаздықты дәріптеуге, білім және ғылым саласын дамытуға баса мән беріп келеміз», деп атап өтті Президент.
Мирас • 29 Наурыз, 2024
Қазақтың жыраулық өнерінде Бесқала жыраулық дәстүрінің орны бөлек. Қазақ халқы ертеден мекен еткен Әмудария бойындағы Шымбай, Хожелі, Қоңырат, Шаббаз (қазіргі Беруни), Көне Үргеніш қалаларын ертеде Бесқала деп атағаны тарихтан белгілі. Бұл өңір қазақтарының өзіне тән жыраулық, күйшілік, әншілік дәстүрі ғасырлар бойы қалыптасты.
Құқық • 29 Наурыз, 2024
Сот әкімшілігі: ашықтық айнасы
Уақыт алға озған сайын заманның сұранысы мен талаптары өзгеретіні анық. Заманның ағымына сай, еліміздің сот жүйесіне жаңашылдықтар енгізу қажеттілігі туындады. Өткен жылы Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Ал сот әкімшісінің аумақтық органдары департамент болып өзгерді. Қазір республиканың барлық облысында сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері жұмыс істейді.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында бір-бірімен сабақтас екі айтулы іс-шара өтті. Рамазан айында ұйымдастырылған бұл жиындардың имандылық пен парасатқа, дін мен дәстүрге, жалпы қазір өткір көтеріліп жатқан қоғамның асыл тәрбие-тәліміне тікелей қатысы бар.
Пікір • 29 Наурыз, 2024
«Бірлігің кетсе, нең қалар?..»
Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылу жолында зиялы қауым өкілдерінің атқарар рөлі бөлек. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Ел ағалары ауызбіршілікті және ұрпаққа өнегелі болуы керек», деп ұлт зиялыларына қарата үн қатты.
Сұхбат • 28 Наурыз, 2024
Құпия қаріп пен жұмбақ жазбалар немесе әлем ғалымдары оқи алмаған сөйлем...
Адамзат баласының эволюциялық дамуына қарай жазу өнері де сан түрлі өзгеріске ұшырап, жетілу жолдарынан өтті. Әлемдік жазу тарихын зерттеуші ғалымдар оның даму динамикасын зерделеу нәтижесінде бүкіл жазу жүйесін үш түрге бөледі. Оларды ғылым тілінде пиктографиялық, идеографиялық (иероглифтік) және фонетикалық деп атайды. Көне жазуларды танып-білу арқылы түрік халықтарының сан мыңжылдықты құрайтын тарихы бар, ежелден келе жатқан көне халықтардың бірі екенін дәлелдейтін «Өмірбаян туған күннен басталады», «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты зерттеу кітаптарының авторы, қаламгер-ғалым, тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫНА жолығып, жазу-сызу жөнінде сыр шертіскен едік. Адамзат баласының эволюциялық дамуына қарай жазу өнері де сан түрлі өзгеріске ұшырап, жетілу жолдарынан өтті. Әлемдік жазу тарихын зерттеуші ғалымдар оның даму динамикасын зерделеу нәтижесінде бүкіл жазу жүйесін үш түрге бөледі. Оларды ғылым тілінде пиктографиялық, идеографиялық (иероглифтік) және фонетикалық деп атайды. Көне жазуларды танып-білу арқылы түрік халықтарының сан мыңжылдықты құрайтын тарихы бар, ежелден келе жатқан көне халықтардың бірі екенін дәлелдейтін «Өмірбаян туған күннен басталады», «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты зерттеу кітаптарының авторы, қаламгер-ғалым, тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫНА жолығып, жазу-сызу жөнінде сыр шертіскен едік.
Зерде • 28 Наурыз, 2024
Қазақ «Бұл жарық әлем күннің нұрлы сәулесінен, ананың ақ сүтінен жаралған» дейді аналарды ерекше құрметтеп. Аналарды қалай құрметтесек те жарасады. Аналар туралы нешебір ақындар керемет сырлы жыр жазып, сазгерлер әсем ән арнап, жазушылар сандаған қызықты роман, хикаят пен әңгіме жазып, қылқалам шеберлері өз сурттерінде аналар образын әсерлі өрнектеп, мүсіншілер небір ғажайып ескерткіштер орнатты. Соның бір айғағы – біздің сүйікті Тараз шаһарының орталығына орнатылған «Анаға тағзым» ескерткіші. Асыл аналар құрметіне арналған осындай көрнекті ескерткіштер Ақтөбеде, Атыраудың Мақат пен Бейнеуінде, Қарағандының Қарқаралысында және басқа да жерлерде орнатылған. Бұл – көпшіліктің аналарға деген зор құрметі, халықтың анаға деген шексіз махаббаты.