Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3754 материал табылды

Digital • 04 Қыркүйек, 2024

Цифрлық инклюзия: Жаһандық үдеріс, заманауи талап

Кеше Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының үш күнге созылған Цифрлық инклюзивтілік және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министр­лер конференциясы басталды. Ауқымды жиынға цифрландыру және ақпараттық технологиялар министрлері бастаған отыздан астам елдің делегациясы келді. Конференция цифрлық технология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық алшақтықты қысқарту стратегияларын әзірлеуге, озық тәжірибелермен алмасуға, тұрақты дамуға ықпал ететін инновацияларды дамытуға бағытталған. Маңызды іс-шараға Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің цифрландыру және IT министрлері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жеке сектор және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Қоғам • 03 Қыркүйек, 2024

Әдеби мектептің жаңа мүмкіндігі

Әдебиет пен мәдениеттің қай­наған ортасы саналатын ару шаһар Алматыдан алыста жүрген жас қаламгерлерге қолдау мен қол­паштаудың маңызы зор екені шындық. Десек те кейінгі жылдары осы қасаң пікірдің көбесі сөгіліп, Жазушылар одағы жас­тарға қатысты ірі-ірі жобаларды жүзеге асырып келеді.

Руханият • 03 Қыркүйек, 2024

Болыстың ұрпағы

Қазір «атамыз болыс болған» дейтін замандастар аз емес. Бір қызығы, мұны өзге емес, өздері жарнамалап жүреді. Заман түзелді, бәлкім «өшкеннің жанғанын» айтқан да дұрыс шығар. Жазда минерал суы бар шипажайда демалғанды дұрыс көретінбіз. Биыл да сонда бардық. Тұрақты келетіндерді көріп, шүйіркелесіп жатырмыз. Соның бірі – жылда Келес жақтан отбасымен тынығатын мұғалім Ермек Сыдықұлы. Әу баста қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, кейін сурет пәніне ауысқан. Мамандықтың екеуін де Шымкент пединститутынан алған. Момын, біртоға, жауапты азамат.

Ата заң • 30 Тамыз, 2024

Әділдік басты идеологияға айналуға тиіс

Конституция – мемлекеттік билік тармақтарының, азамат пен мемлекеттің саяси-құқықтық арақатынасымен қатар еліміздің болашақ бағдарын айқындайтын, қоғамдағы саяси күштер іс-әрекетінің басты тірегі.

Пікір • 30 Тамыз, 2024

Омбудсмен институтының мәртебесі нығайды

1995 жылы қабылданған ел Конституциясы мемлекеттік құрылымның негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ әділеттілік қағидаттарын айқындайтын негізгі құжат болып қала береді. Өзінің бүкіл тарихында Конституция бірнеше реформалау кезеңін бастан өткерді, олардың әрқайсысы заңдылықты нығайтуға, адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Пікір • 30 Тамыз, 2024

Конституция – тәуелсіздік темірқазығы: Дәстүрлі құқықтан демократиялық реформаларға дейін

Тарихқа бойласақ, еліміздің Еуразия кеңістігінде мемлекет болып қалыптасуында сақтар мен ғұндардан бастау алып, көк түріктер, Алтын Орда арқылы сабақтасқан Қазақ хандығы – дербес мемлекеттілігіміздің ең маңызды тұғырларының бірі.

Құқық • 30 Тамыз, 2024

Заңға бағынған қоғам алға басады

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ре­тін­де қа­лыптасуына байла­­ныс­ты адам мен оның өмірі, құқық­тары мен бостан­дық­тары конс­титу­ция­лық деңгейге көтерілген ең жоғары құндылық ретінде танылады.

Ата заң • 30 Тамыз, 2024

Еліміздегі ерекше мереке

1995 жылы қабылданған еліміздің Ата заңы «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады.

Технология • 30 Тамыз, 2024

Жасанды интеллектіні қолданудағы құқық мәселесі

Бүгінде еліміздегі барлық саланы қамтитын ауқымды құқықтық рефор­малардың шеңберінде үлкен деректерді және жасанды интеллект технологияларын дамыту және енгізу жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланыс­ты алдымызда ашық, тиімді әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тұрғысынан әмбебап іргелі тәсілдемені қосу міндеті тұр.

Тұлға • 29 Тамыз, 2024

Әуезов аудиториясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Әуезов аудиториясы. Оқу жылының бірінші күні. Бірінші сабақ. Мінберге көтерілген ұстаз лекциясын бастап кетті. «Асылы, жер бетінде университет секілді қастерлі орын сирек. Университет – адамдар зердесінде ұшқын атып, жалын шашып, мәңгілік маздап тұрған Прометей оты. Бұл аз. Университет – елдің есеюі.

Яндекс.Метрика