Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтаруға қатысты түсінік берді
Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айыптау үкімі шыққан жағдайда, Қазақстан тарапы оның жазасын еліміз аумағында өтеуі бойынша сауал жолдайды. Бұл туралы Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Саясат • 18 Қыркүйек, 2019
Дариға Назарбаева: Әлемдік конфессиялар басшыларының елордада кездесуі дәстүрге айналды
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығының отырысы өтіп жатыр. Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Дариға Назарбаева төрағалық етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Саясат • 18 Қыркүйек, 2019
БҰҰ-ның жол қауіпсіздігі жөніндегі Арнайы өкілі Алматы қаласындағы БҰҰ жаңа ғимаратына барды
Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 18 Қыркүйек, 2019
Павлодар облысы әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды
Облыс әкімінің өкімімен өңірлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Мұрат Әбілқалықов тағайындалды. Сондай-ақ аймақ басшысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасарын да таныстырды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2019
Бір ғасыр тарих үшін қас-қағымдай уақыт болса да басылымға аз мерзім емес. Алмағайып жылдар көрігінде кіндігін кесіп, «Еңбекші қазақ» аталып, балға мен төс арасында жаншылып қалмай шыңдалған газет әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың қара қазанында қайнап, шарболаттай шыңдалды, шымыр шынықты. Одан тәй-тәй басқан жаңа жүйенің жүрек лүпілі естіліп, тарсылдап соғылған бесжылдықтар балғасының дүрсілі келеді.
Руханият • 18 Қыркүйек, 2019
– Мен «Егемен Қазақстанның» 67 жылдан бергі тұрақты оқырманымын, – деп бастады өзінің сөзін жуырда ғана 95 жасқа толып, облыс ардақтап, Солтүстік Қазақстанның Құрметті азаматы атағын берген Сапар Дүйсенов ақсақал.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2019
«Еңбекші қазақ» Ілиястың бағын ашқан
Ілияс Жансүгірұлы «журналист» мамандығы бойынша білім алған алғашқы қазақ баласы. 1925 – 1928 жылдары Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Журналистика институтында оқыған. Өлеңсөздің жүйрігі болған өр ақынның 125 жылдық мерейтойы аясында халықаралық «Ілияс ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Мәскеу қаласында болды.
Әлем • 18 Қыркүйек, 2019
Жапонияның қағаз жасау технологиясы несімен ерекше?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын көлемді Жолдауын жариялады. Еліміз үшін маңызы зор осы бағдарламада «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деген еді. Біртұтас ұлт дегеніміз ынтымағы жарасқан ел ғана емес, төл мәдени құндылықтарын қастерлейтін, заманауи даму жолында өзіндік ұстанымы бар ұлт. Ұлттық тұтастығын ойлайтын халық әрдайым төл өнімдеріне басымдық береді және өнім өндіру ісінде де ұлттық құндылықтарды жоғары қояды. Осы тұрғыда ұлттық бірегейлігімен әлем жұртшылығын өзіне қаратқан жапон халқын мысалға келтірсек. Мәселен, қағазды алайықшы. Қағаз адамзат баласына ортақ дүние болғанмен, әрқайсымыз күн сайын көріп жүрген қарапайым парақтарды жапондар ұлттық құндылық санатына жатқызады екен. Дамудың биік шыңына жеткен ел бола тұра Күншығыс халқы өзінің ұлттық қағазы вашидің көне замандағы технологиясын, яғни қолмен жасау әдістерін әлі күнге сақтап отыр.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Өзім сүйіп оқитын «Egemen Qazaqstan» газетінде қазақ қоғамында жиі кездесетін некенің тұрақсыздығы, жас отау иелерінің қиындыққа шыдамай тез ажырасуы, отбасылық құндылықтардың азаюы секілді шетін мәселелер кеңінен қозғалып, құнды пікірлер тоғысына арқау болып жүр.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2019
Игілік өткенге бас июден басталады
Ел ішінде өткеніңмен мақтана бергенше, ертеңгі күніңнің қамын жасаған әлдеқайда қайырлы болмақ деген есті пікірді естіп қалып жүреміз. Дегенмен, бағзы заманда бабаларыңның кім болғанын, олар құрған қағанаттар пен хандықтардың өркениет өлкесінде қандай орын алғанын білуге деген құштарлықты қалайша тұншықтырып қоюға болады?!