Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Жастар • 29 Қараша, 2023

Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы...

«DataReportal» жаһандық сараптамалық платформасының биылғы статистикасына үңілсек, еліміздегі 18 миллионға жуық отандасымыз интернетті тұрақты пайдаланады. Әсіресе 12 мен 24 жас аралығындағы азаматтар TikTok пен Instagram-ды жиі қолданатын көрінеді. Ал осы жүйелердің тікелей эфирінде бақсы-балгер, құмар ойынды, жат ағымды насихаттайтындар өріп жүр. Желіде жеңіл пайда табуға шақырып, «аз ақшаңды көбейтуге көмектесемін» дейтіндер де баршылық. Қайтпек керек?

Егемен Қазақстан • 29 Қараша, 2023

«Хат қоржын»

Қоғам • 29 Қараша, 2023

Кеншілерге жаңа арнайы әлеуметтік төлемдер енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қарағандыға жұмыс сапары аясында кеншілермен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты. Министр арнайы әлеуметтік төлем ала алатын жұмыскерлердің саны жыл сайын көбейіп отыратынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім • 29 Қараша, 2023

Оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері

Карта арқылы мектепке кіру, оқу материалдарының қолжетімділігі мен асханада тамақтану мүмкіндіктері қамтылған жүйе қанатқақты режімде елордалық №95 мектеп-лицейінде енгізілген еді. Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карталар іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні көрсетілді.

Қоғам • 29 Қараша, 2023

Волонтер жүйесінің мәдениеті

Әлемде және елімізде волонтерлер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Волонтерлік – қоғамда пайдалы қызмет ретінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын көптің көмегі. Оған қоса, бұл игі іс мейірімділік, адалдық, достық, еңбекқорлық секілді қасиеттерді бойға сіңіреді. Мұны еліміздегі волонтерлердің қайырымдылығы мен ұйымшылдығынан көруге болады.

Үкімет • 29 Қараша, 2023

Тиімді тұрақты диалог

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығына орай дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Саясат • 29 Қараша, 2023

Мұнайға қатысты құжат

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылады.

Кәсіпкер • 28 Қараша, 2023

Атакәсіпті жалғастырған өрен

Мектеп оқушысы кәсіппен айналысып, табыс тауып отыр дегенді естігенде оған әркімнің сенуі екіталай. Десе де бұл мүмкін болатын нәрсе екеніне көзіміз жетті. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Береке ауылындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Берік Әжібай мемлекет қолдауына ие болып, бүгінде ат әбзелдерін дайындау ісімен айналысып жүр. Жасөспірімнің жеке кәсібімен танысу үшін жақында ол тұратын елді мекенге арнайы барып, өнеріне тәнті болдық.

Тарих • 28 Қараша, 2023

Бұл фильмді табу керек

Бұл 1940 жылы бүкіл ел болып кеңестік Қазақстанның 20 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатқан шақ еді. Мәскеулік және қазақ кинодокументалистері «Қазақстан» атты фильмді түсіруге кіріскен. Біз сол кезде 93 жастағы Жамбылмен кездеспек болдық. Бұл жөнінде алдын ала келісілмеген болса да, біз – кино түсі­ру­шілер тобы және оған қатысатын ақындар, ойынға деген қоян, түлкі, тіпті қасқырлары, бүркіттері бар аңшылар, бәріміз түн ішінде Алматыдан тар­тып кеттік. Жамбылдың тұратын ауылы 80 километр қашықтықта екен.

Парламент • 28 Қараша, 2023

Сенаторлар Қазақстандағы инновацияны дамыту мәселелерін зерделеді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында Қазақстандағы инновация қызметін дамыту және жетілдіру мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.