Технология • 14 Наурыз, 2024
Михаил Ломтадзе АҚШ-тағы ірі технологиялық конференцияға қатысты
Михаил Ломтадзе АҚШ-тағы Сан-Францискода өткен Media and Telecom, Morgan Stanlеy Technology конференциясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы, реформалар мен инновациялар туралы айтып берді. Конференцияда сондай-ақ Илон Маск, Microsoft, Google, Netflix және әлемнің басқа да жетекші компанияларының өкілдері сөз сөйледі.
Экономика • 14 Наурыз, 2024
Қазақстан-Қытай: Тауар айналымы 30 пайызға өсті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.
Саясат • 14 Наурыз, 2024
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Швейцария конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Салман Балмен кездесті. Кездесуде Ерлан Қошанов елшіге өткен жылдың күзінде басталған Қазақстандағы дипломатиялық жұмысына табыс тіледі.
Тарих • 14 Наурыз, 2024
Тарихқа блогерлік емес, байыпты көзқарас қажет
Осы тақырыпқа біз, ғалымдар, ертеден көңіл аударуымыз керек еді. Билік тарапынан қоғам ортасына іріткі тудырып, от салу – көне заманнан келе жатқан «дәстүр». XX ғасырда сталиндік билік тарапынан адамды адамға қарсы қою, таптарға бөліп, топтарға тартып, оларды түрлі әрекетке мәжбүрлеу кеңінен тарады. Бұл – қоғамды, қайраткерлерді, зиялыларды бөлшектейтін, бір-біріне қарсы қоятын билеудің қитұрқы тәсілі. «Бөлшекте де, билей бер» (орысшасы «разделяй и властвуй», латынша «divide et impera») дегенді ең алдымен Рим императоры Юлий Цезарь айтты деген сөз бар. Әйтеуір осы сөзді Сталиннің кезіндегі кеңестік билік басшылыққа алғаны ақиқат.
Үкімет • 13 Наурыз, 2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесті.
Пікір • 13 Наурыз, 2024
Нәтижелі диалогтің нақты үлгісі
Президент жанындағы негізгі консультативтік-кеңесші орган ретінде Ұлттық құрылтай қоғам, зиялы қауым өкілдері және сарапшылар қауымдастығын мемлекетшілдік мәселелерді бір арнаға біріктіретін диалог платформасының тиімді үлгісін қалыптастырып, дамытып келеді.
Ғылым • 13 Наурыз, 2024
Қ.Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының жас ғалымдары Арман Өмірзақов пен Әлжан Байменов ванадий электролитін өндірудің отандық технологиясын жасап жатыр.
Тағзым • 13 Наурыз, 2024
1997 жылдың жазы. Жоғары оқу орнына тест жүйесімен сынақ тапсыру кезінде өзім секілді абитуриент, заң мамандығына аңсары ауған ауылдасым Нұрлан сымдай тартылған сымбатты жігіт Бекзатпен таныстырды. Сұраса келе екеуміз де сол кездегі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің жаттықтырушы мамандығын таңдаған екенбіз.
Технология • 13 Наурыз, 2024
Әлемдегі көшбасшы компания еліміздегі блокчейн-технологиялар қауымдастығының мүшесі болды
Астанада Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының Басқарма төрағасы Дәурен Қарашев пен CANAAN CONVEY вице-президенті Дэвис Хуэйдің кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 13 Наурыз, 2024
Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру, импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері» атты Үкімет сағатының қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдардың іске асырылуы туралы» тақырыбы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.