Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24557 материал табылды

Экономика • 06 Ақпан, 2026

Мақта-тоқыма кластері: Жаңа индустриялық кезең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында экономиканы әртараптандыруға, нақты секторды күшейтуге және инвестиция тартуға ерекше мән беріп келеді. «Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс», деді Президент халыққа Жолдауында. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында өңірімізде экономиканың барлық салаларында көптеген жұмыс атқарылып жатыр.

Қоғам • 06 Ақпан, 2026

Біз кімге керекпіз?

Бірде әлеуметтік желіден мынадай бір ауыр оқиғаны оқығаным бар. Балқаш қаласының бір тұрғыны қартайған шағында не балаларына, не жақын туыстары­­на керек болмай, пәленбай жыл тұрған пәтерінде жалғыз қу басы қалып, өзін-өзі күте алмайтын күйге жетіп, қала басшыларына шағымданып, қайта-қайта өтініш білдіріп жүріп, облыс орталығы Қарағанды қаласындағы қарттар үйіне жолдама алып, енді сол жаққа кетіп бара жатқанын әңгімеледі. Такси көлігіне қалт-құлт етіп екі-үш сөмке, шемодандарын артып жатқан қарттан көлік иесі:

Қоғам • 06 Ақпан, 2026

Атамның өнегесі

Зейнетке шығып, өткен өмірге көз салып ойлап қарасам, әр отбасында атаның орны бөлек екен. Біздің атамыз Үдербай баласы Смағұлды бүкіл ауыл сыйлайтын. Арабша сауатты, Құран кітабын жатқа оқитын және қолма-қол қазақшаға аударып түсіндіретін.

Қоғам • 06 Ақпан, 2026

Елеусіз қалған ерлік

1999 жылғы сәуір айының жиырмасы. Көктемнің ортасы болса да, қыс оңайлықпен берілетін емес. Әсіресе сол күні бар ызғарын айрықша төгіп тұрған. Солтүстіктен көтерілген суық жел бұрынғы теңізді бөліп салынған Көкарал бөгетін ауыр толқындармен соқ­қылай бастады. Теңіз үстіне сұп-суық, қап-қара ауыр бұлттар жер бауырлай жылжып еңсені езе төніп келеді.

Тарих • 06 Ақпан, 2026

Алаш офицерінің беймәлім тағдыры

Ел азаттығы жолында азаматтық қажыр-қайратын, зиялы білім-білігін, қайраткерлік табандылығын аямаған Алаш тұлғаларының жуан ортасында Атырау өңірінің перзенті Рахметолла Қаржаубаевтың есімі ілтипатпен аталады. Бірақ біз оның азапты соқпақты жүріп өтіп, 1970 жылы Жуалы топырағында қайтқанын білдік пе?

Білім • 05 Ақпан, 2026

Сабақ берудің тиімді тәсілі

Бүгінде мұғалімдерге қойылатын талап күшейді, бұл – бір жағынан өскелең ұрпақтың білімге деген ықыласын арттыруға септігін тигізсе, екіншіден, ұстаздардың да кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жол ашады. Мен бастауыш сыныптарға сабақ беремін. Мектеп табалдырығын енді аттаған, әлі оң мен солын ажыратып үлгермеген бүлдіршіндерге лайықты деңгейде білім бере алу үшін өзіндік ерекше әдіс-тәсілдерді әзірлеп шықтым. Бұл – уақыт талабы.

Пікір • 05 Ақпан, 2026

Конституциялық реформа: пайым мен парасат

Ата заңның жаңартылған нобайы қоғамда кең ауқымда пікірталас тудырып отыр. Азаматтық қоғамның мүшесі ретінде конституциялық реформа төңірегіндегі пікірталас­тарды тұрақты назарда ұстауға тырысамын. Бір байқағаным, әлеуметтік желіде көбіне саяси режім мен мемлекеттілік ұғымының ара-жігін ажырата алмайтындар пікір айтып жатады. Сол себепті де бұл кейде негізгі мақсаттан тыс дәйексіз дауға ұласады.

Өнер • 05 Ақпан, 2026

Уақыт жаңғырығындағы үнсіздік

Былтыр Орталық музейде Хәкім Наурызбаевтың 100 жылдығына, Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдығына, Николай Хлудовтың 175 жылдығына, Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына, Еркін Мергеновтің және Төлеген Досмағамбетовтің 85 жылдығына арналған «Уақыт жаңғырығы» атты есеп беру көрмесі ашылды. Онда Алматы қаласының суретшілері, басқа да өңірлерден келген суретшілер туындыларымен қатысты. Көрмеге 112 жұмыс қойылды.

Пікір • 05 Ақпан, 2026

Мемлекеттіліктің тегеурінді тұжырымы

Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында қабылданған Конс­титуция мен оған кейінгі кезеңде енгізіл­ген өзгерістер мен толық­ты­рулардың тарихи маңы­­зы зор екенін жоқ­қа шы­ғаруға болмайды. Ол өз уақытында мемлекетіміздің дамуына толық­қан­ды қызмет етті. Алайда уақыт бір орында тұрмай­ды. Қоғам да, әлем де өзгеріп жатыр. Осы тұрғыдан ал­ған­да, жаңа Конституция жобасының ұсынылуы заңды.

Басылым • 05 Ақпан, 2026

Ақ зер әлемнің алтын тілләсі

«Фолиант» баспасынан арасына он жыл салып сурет өнеріне арналған қос том шығарған Жеңіс Кәкенұлын суретші ғана емес, қазіргі уақыт өлшемімен альтруист ретінде де танимыз. Энциклопедия сипатты танымдық қос кітап жазудың сыры неде, ол кәсіби суретшіге не береді? Жеңіс Кәкенұлы қазақ халқының бейнелеу әлемін суретші көзімен бағалауды шынымен мақсат тұтқаны сананы ауысып кеткен құндылықтар жаулап алған дилетанттық дәуір үстемдігіне наразылығынан бұрын биік өнерге асқан сүйіспеншілігінен туғаны айқын. Жас ұрпақтың санасын эстетикалық сұлулыққа тарту, текті мұрат-мүддеге баулу ұлтқа қызмет етудің шынайы үлгісі саналады. Ол суретші мен көрушінің тандемін қалыптастыруға мүдделі.

Яндекс.Метрика