Денсаулық • 19 Ақпан, 2019
Астана қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Бубновский орталығының ұйымдастыруымен «Омыртқа және буын туралы» атты семинар өтті. Ресейлік дәрігер Михаил Бубновский семинарға қатысушыларды ағзаның күш-қуатын дәрі-дәрмексіз, инъекциясыз және операциясыз пайдалануға негізделген емдеу жүйесімен таныстырды.
Ұлттық спорт • 09 Ақпан, 2019
Тимур Құлыбаев қазақстандық могулшы Юлия Галышеваны жеңісімен құттықтады
Қазақстан Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық могулшы Юлия Галышеваны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Білім • 06 Тамыз, 2018
Бір мектепте 40 жыл қызмет еткен - Климен Балабекұлы
Баланың шын мәніндегі адам болып қалыптасуына ата-анасынан кейін ықпал ететін екінші адам – ұстаздар жайында Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын. Ерен еңбек пен қажыр-қайратты талап ететін жұмыстың бейнетіне қарамай, уақытпен санаспай, өз ісіне адал беріліп, алдындағы қауым үшін барын сала қызмет ететін жандар әр салада кездеседі.
Театр • 11 Маусым, 2018
Мәдениетті көрермен. Ол қандай?
Биыл мамыр айының бас кезінде, Жеңіс мерекесі қарсаңында ару қала Алматыға жол түсті. Кешкілік спектакль көрейік деп М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына бардық. Дәл сол күні көрермендерге жас драматург А.Аламанның «Жүрегімнің иесі» атты психофизикалық драмасы ұсынылып жатыр екен.
Әдебиет • 19 Сәуір, 2017
Қыс. Қыстаулық. Дала долданған боран. Аппақ қиыршық қарларды арлы-берлі аяусыз бүрккен қара түн. Боран үдей соққан сайын суық жел шатыр саңлауларынан әлсін-әлсін ысқырып тұр. Үй іші жып-жылы. Пештегі қидың қызуы әлі қайтпаған, шоқ қоламтасы түтіктен бүріккен желмен үрленіп маздай түседі. Іштегі жылу мен сырттағы аяздың айқасынан терезенің көзінде із қалыпты. Білтелі шамның жеткен жарығы тым әлсіз. Үй ішінің күңгірттігі бір-бірін аңдыған оқты көздерге еш кедергі емес.
Пікір • 09 Ақпан, 2017
«Асың барда ел таны, беріп жүріп!»
Алатаудың етегіндегі ертегі қала Алматыда тұтанған XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың алауы соңғы рет лапыл қағып жалын атты да, дамыл тапты. Он бір күн бойы әлем назары оңтүстік астанамызға ауған еді.
Қаржы • 03 Ақпан, 2017
Қолма-қол ақшасыз өмір сүруге дайынбыз ба?
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған жаңа Жолдауында осы жаңғыруды жүргізудің бес негізгі басымдығы ішінен бірінші басымдық ретінде экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын атады. «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет», деді Президент.
Білім • 31 Наурыз, 2011
Білім ордасын дұрыс таңдау – болашаққа маңызды қадам
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. Бұл оқу орны Қазақстан экономикасын, мәдениетін, ғылым мен білімін қалыптастыруға және дамытуға зор үлес қосып, бүкіл Орталық Азия аймағындағы сапалы мамандарды дайындайтын жоғары оқу орнына айналды.