Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Сараптама • 08 Қараша, 2023

Жаһанның «жасыл» қабілеті

Жер шарындағы өзгеріп жатқан климат, яғни жаһандық жылу, табиғи экожүйенің бұзылуы, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, қоқыстың көбеюі – қазір әлемдегі күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер бойынша түрлі зерттеу жүргізіліп, есептер жазылды. Солардың бірі – қолданушыларға кәсіби бағытта пайдалы бола алатын «LinkedIn» компаниясы жүргізген зерттеу.

Жоба • 08 Қараша, 2023

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы

Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Теңге • 08 Қараша, 2023

Төл теңгенің тарихы

Қазақстан Ұлттық банкі 1992 жылдың 27 тамызы күні теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Онда ұлы тұлғалардың портреттері бар-тын. Ертесіне қазақ валютасының дизайнын жасаған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Үкімет • 08 Қараша, 2023

ЮНЕСКО-ның Бас директорымен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-сессиясы аясында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті.

Ауыл • 08 Қараша, 2023

Ауылдарға – 488 автобус

Еліміздің барлық өңіріндегі шалғай ауылдардағы оқушыларды тасымалдауға мемлекет бюджетінен 488 су жаңа мектеп автобустары берілді.

Пікір • 08 Қараша, 2023

ТМҰ саммиті – түркі дәуірінің жаңғыруы

Елордамызда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Астана саммиті өткені белгілі. Іс-шараға ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттердің Президенттері және үкімет басшылары қатысып, маңызды құжаттарға қол қойды. Тұрақсыздық кезеңде ұйымдастырылған іргелі жиын Қазақстанға да, Түркі әлеміне де зор маңызға ие.

Қоғам • 07 Қараша, 2023

Тағдыр сынағынан сүрінбеген

Дәстүрлі қазақ қоғамында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген түсінік қалыптасқан. Бірақ күрделі қоғамда бәрі тап-тұйнақтай, жүйелі бола да бермейді. Оның түрлі себебі бар. Бүгінгі әңгімеміз тағдыр сынынан сүрінбей келе жатқан 66 жылдық ұстаздық, ғалымдық өтілі бар Жолмұхан Түрікпенұлы туралы.

Қоғам • 07 Қараша, 2023

Ұлт руханиятының жоқшысы

Өткен ғасырда қазақтың бағына туған тарлан тұлғалар көп болды. Оларды білу, ардақты есімдерін қастерлеу – ұрпақ парызы. «Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – келешек жоқ» деген бабадан қалған қағиданы адамзатқа ортақ ұстанымның бірі деп санауымыз қажет.

Спорт • 07 Қараша, 2023

Бала балуандар белдесті

Зайсан қаласында еркін күрестен 2009-2010 жылдары туған жас­өспірімдер арасында еркін кү­рестің негізін қалаған ардагер жат­тықтырушы Досмұхамбет Хасеновті еске алуға арналған об­лыстық ашық турнир өтті. Оған Жетісу облысынан, Астана мен Семей қалаларынан, облыстың ­аудандары мен қалаларынан бар­лығы 230 балғын балуан қатысты.

Пікір • 07 Қараша, 2023

Халық өз таңдауын жасады

Атырау облысының Исатай және Қызылқоға аудандарында қанатқақты режімде сайлау өтті. Екі ауданның 34 сайлау учаскесінде тіркелген электорат­тың 56 пайызы дауыс берді. Қызылқоға ауданы барынша белсенділік танытты. Сайлауға 57,2 пайыз халық қатысты.