Сараптама • 27 Ақпан, 2024
Гендерлік теңдік – әлемде және елімізде де өзекті тақырыптың бірі. Жыл сайын Давоста өтетін Әлемдік экономикалық форумдағы панельдік талқылау да осы мәселеге арналады. Мәселен, соңғы өткен Давос форумында «Әйелдер өмірден бәрін ала ала ма?» (Can women have it all) деген өзекті сұрақ талқыға түсіп, белгілі сарапшы, заңгерлер, мемлекеттік қызметкерлер, білім саласының өкілдері осы мәселеге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Тәрбие • 27 Ақпан, 2024
Ұлттық құндылықтардың жарасымы
Әр елдің өзінің жеке-дара, ешкімге ұқсамайтын ұлттық құндылығы бар. Осы құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның Отанға деген құрметін, патриоттық сезімін қалыптастыруға болады.
Зерде • 27 Ақпан, 2024
Ұлт қайраткерлерін әдеби кейіпкерлердей бір-біріне қарсы қою – әбестік
Тәуелсіздік жылдары ұлт тарихын түгендеуге айрықша еңбек сіңірген тұлғаның бірі – Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков (1948-2021). Ғалымның 20-30 жылдардағы аштық қасіреті, ұлт зиялылары туралы еңбектері таңдаулы классикалық зерттеулер қатарында. «Алаш» тарихи зерттеу орталығында (Алматы) ұлттың генеалогиялық тұтастығы жөнінде ғылыми-жобаларды жүзеге асырды. Абай университетінде, Әл-Фараби университетінде, Ш.Уәлиханов тарих және этнология институтында тарихшы ғалымдарды даярлауға атсалысты. Ол – мектепке арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы. «Қазақ газеттері» құрамына енетін тарихи-танымдық «Ақиқат» журналында қызмет істеді. 4 томдық «Қазақстан (Қазақ елі) тарихын» жазуға жетекшілік етті («Ежелгі өркениеттерді зерттеу орталығы»). Парламент Сенаты әзірлеген көптомдық «Ашаршылық» жинағына қатысты. Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жуан ортасында жүрді. Өкінішке қарай, қабілет-қарымы елге қажет шақта әлемге нәубат болып келген пандемия салдарынан бақиға озды. Ғалым қайтарының алдында (5.05.2021 жыл) Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай «Тарлан» интеллектуалдық клубының мүшелерімен кездесіп, ой-тұжырымын ортаға салған екен. Ұстазымыздың таспаға жазылып қалған осы сөзін хатқа түсірген едік. Биыл тарихшы-ғалым Талас Омарбековтің ұлт ғылымына үлкен жаңалық алып келген «Қазақ шаруаларын жекеменшіктен айыру және күштеп ұжымдастыру» («Лишение собственности и насильственная коллективизация казахских крестьян», 1994) атты докторлық диссертациясына 30 жыл толады. Осы тарихи оқиғаны еске сала отырып, «Тарлан» алаңындағы сөзі мен соның жалғасындай жас тарихшыларға арналған онлайн пікірін (11.05.2021 жыл) оқырманға ұсынамыз.
Жәдігер • 27 Ақпан, 2024
Биыл ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайреткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы. Осы жылдарға дейін музей қорында Сәкеннің еңбектерінен бөлек, жеке қолданылған заттары да сақталған. Соның бірі – алтынмен апталған бағалы қалта сағаты.
Құрылыс • 27 Ақпан, 2024
ЕҰУ-да 4 жаңа Студенттер үйі салынады
Алдағы жылы Еуразия ұлттық университеті студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. 4 жаңа Cтуденттік үй құрылысына жеке инвестиция тартылуда. Олардың бірі биылғы жазда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Ақпан, 2024
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, 29 ақпандағы отырыстың күн тәртібі бекітілді.
Үкімет • 27 Ақпан, 2024
Инвестиция тарту жоспары тыңдалды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста өңірлердегі инвесторларға әлеуетті тартымды салалар талқыланды.
Экономика • 27 Ақпан, 2024
Маңғыстау облысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Солтүстік-Оңтүстік» және ТХКБ көлік дәліздерін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Еңбек • 27 Ақпан, 2024
Жұмыс уақыты тәртібін бұзу – еңбек саласында ең жиі тіркелетін заң бұзушылықтың бірі. Көбіне-көп мемлекеттік қызметшілер өздерін тікелей басшыға тәуелді санап, артық жұмыс істеуге мәжбүр болатыны жасырын емес.
Пікір • 27 Ақпан, 2024
Су шаруашылығының жоғары оқу орны керек
Бүгінде мұрап – ескерусіз мамандықтардың бірі. Мұрап сөзінің түбіне үңілсек, ол – егіс суаруға басшылық ететін тоған басы, суды егістікке бөлетін арық, атыз, тоғанды жөндеу жұмыстарын жүргізетін маман. Ғылыми тілде айтқанда – инженер-гидротехник.