Экономика • 20 Ақпан, 2024
Экономикалық саясатты қайта құрған жөн
Жаңадан жасақталған Үкіметтің экономикалық блогінің жүгі ауыр болғалы тұр. Қазіргі жағдайды шахмат не дойбыдағы Цугцванг жүрісінен ғана салыстыра аламыз. Сырт көзге кез келген жүріс тығырыққа тірейтіндей әсер қалдырады. Себебі күні бүгінге дейін қабылдаған бағдарламалардың нәтижесін ел нақты сезіне алған жоқ.
Пікір • 20 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет пен әкімдердің жұмысқа деген көзқарасын түбегейлі қайта қарауы керектігін баса айтты. Бізге бүгінгі таңда бюрократия емес, мәселелерді жедел шешуді және экономикалық келешек ұзақмерзімді болжауды біріктіретін жүйелі көзқарас қажет.
Пікір • 20 Ақпан, 2024
Электр энергетикасы – нарықтың қара нары
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жұмыстың нәтижесі қорытындыланып, алдағы кезеңнің негізгі міндеттері айқындалды.
Мәселе • 20 Ақпан, 2024
Ветеринария: Салада шешілмеген сегіз мәселе
Елімізде жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулар бойынша індеттік ахуал оңалмай тұр. Жылдан-жылға жақсарудың орнына кері кетіп бара жатқандай әсер қалдырады. Осы себептен дәл қазіргі кезде ветеринария саласында қалыптасқан жағдайға айрықша тоқтала кеткенді жөн санап отырмыз.
Үкімет • 19 Ақпан, 2024
Халықаралық балама бағыттар қарастырылды
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин салалық министрліктер, ҚТЖ өкілдері және Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлының қатысуымен автомобиль арқылы жүк тасымалдау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Пікір • 19 Ақпан, 2024
АҚШ-тың Сыртқы саясат жөніндегі кеңесінің (Council on Foreign Relations) мүшесі және Канада озық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, сонымен бірге Принстон университеті баспасынан шығатын жаһандық және салыстырмалы әлеуметтану зерттеу кітаптары сериясының редакторы Андреас Уиммердің 2018 жылы «Ұлт құру: неліктен кейбір елдер бірігіп, басқалары ыдырайды» (Nation Building: Why Some Countries Come Together While Others Fall Apart) атты кітабы жарияланды. Бұл – кейінгі жылдары ұлт құру тақырыбында жазылған іргелі еңбектердің бірі.
Пікір • 19 Ақпан, 2024
Қатар-қатар бой түзеген зәулім ғимараттарды көргенде Қатар мемлекетін, сірә бір жердегі жұмақ мекен бе деп қаларыңыз анық. Расында, осы бір «жасанды жұмақта» былтырдың өзінде екі рет болған екенмін...
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Корей еліне сапар: Қос мемлекеттің Ұлттық кітапханасының әріптестігі
Жаһандану және барлық саланы цифрландыру кезеңінде халықаралық тәжірибемен және ресурстармен алмасудың маңызы мол. Шетелдегі әріптестерімен достық қарым-қатынас орнату еліміздегі кітапханалар үшін де пайдалы. Ынтымақтастықтың бұл форматы біздің кітапханаларға әлемдік даму үрдісін ескеруге, өз қызметін, жетістіктері мен мәселелерін өзге кітапханалармен салыстыра отырып бағалауға көмектеседі. Кітапхана қызметкерлері білім мен тәжірибе аясын кеңейтуге, кәсіби деңгейлерін арттыруға, жаңа тұжырымдамаларды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік алады.
Тарих • 19 Ақпан, 2024
Ақын Нұрсұлтан мен жазушы Мұхаметжан
90 жылдық тарихы бар Қарасай аудандық газетінде осы мерзімде жүздеген адам жұмыс істеп, уақыт талабына сай оқырман қауымды аумақтың бүкіл тыныс-тіршілігінен хабардар етті, жақсы істерді жалпақ жұртқа жариялап отырды. Жаңалықтың жаршысы, кемшіліктің бетін ашушы болды. Бірқатар тілші кейіннен қаламы жүйрік журналист, атақты ақын-жазушы атанды. Кезінде редакцияны Үсенбай Тастанбеков, Шекербек Садықанұлы, Өтесін Құбиев сияқты білікті редакторлар басқарды.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
Арқада ақпанның ақтүтегі азынап тұрған осы күндерде Көкше жерінен жеткен суық хабар арқаға аяздай батты – айтулы аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғосман Төлеғұл жасы жетпістің төртеуінен жаңа аса бергенде өмірден өтіпті.