Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23161 материал табылды

Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Халықтың мандатын алудың мәні зор

Бүгінде президенттік институт көптеген елдердің саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып отыр. Президенттік билік, бұл – мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысаны. Президенттік республикаларда президент жанама (АҚШ) немесе тікелей (Қазақстан) сайлау арқылы сайланады және ауқымды нақты билікке ие.

Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Лайықты таңдау жасалады деп сенемін

Бүгінде Қазақстан – әлемдік қоғамдастықта абыройлы мемлекет. Жаһандық жетістіктер халқымыздың тұрмысымен біте қайнасып, елдің әлеуеті артып келеді. Жастардың білім алуы мен бақытты болашағы үшін мемлекетіміз барын салуда.

Саясат • 18 Сәуір, 2019

Ұлттық жобалар – басты назарда

Кеше елордада Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ХІХ кезектен тыс конференциясы өтті. Жиында партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған ұлттық жобаларды іске асыру жұмыстарына баса назар аударылды.

Әдебиет • 18 Сәуір, 2019

«Алаш» сыйлығы – абырой биігі

Жуырда Қазақстан Жазушы­­­лар одағы Сек­ретариат мәжі­лі­сінің шешімімен 2017-2018 жылдар үшін бірқатар қаламгерге Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.

Әдебиет • 18 Сәуір, 2019

Ғылым мен поэтика астасқанда

Аспан денелері мен ғарышқа деген құштарлық әдебиеттегі фантастика жанрының пайда болуына себепші болды. Шынайы өмірде тіршілік кешуі мүмкін емес кейіпкерлердің жазушы қиялының арқасында әрқайсымыздың сана түкпірінен орын алып жататыны бар. Бүгінгі әдебиеттану ғылымы фантастиканың төркіні – мистика, фольклордағы мифтік образдар екенін жоққа шығармайды. Біз үшін фантастика тұтас бір жанр болса, көркем әдеби процесі фантастикалық өнім беруді жолға қойған ұлттардың әдебиетінде бірнеше кіші жанр бар. Осыған қарап, жанрлары көбейе (поджанр) алатын елдің әдебиеті ғана өміршең әрі озық деген гипотеза ұсынғымыз келеді. Кез келген тірі ағза көбейеді. Жанр да тірі болса, оған сұраныс бар болса, дами береді.

Руханият • 18 Сәуір, 2019

Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің бас­ты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Қазақстан • 17 Сәуір, 2019

Әділ өтеріне сенеміз

Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы үндеу халық­тың тарапынан қызу қолдау тапты.

Қазақстан • 17 Сәуір, 2019

Дер кезінде қабылданған шешім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғаны мәлім. Мұны өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

Қазақстан • 17 Сәуір, 2019

Ғарифолла Есім: Бұл – тарихи оқиға

Олай дейтініміз, біздің қазақ елі қазір жаңалық күтіп отырған шешуші кезеңде тұр. Бұл жаңалық тікелей Мемлекет басшысы болашақта кім болады деген сұраққа саяды. Және алдағы уақыттағы сайланатын Мемлекет басшысы халықтың ықылас-ниетімен әділ таңдалған тұрақты тұлға болуы керек.

Қоғам • 17 Сәуір, 2019

Талап күшті, тәртіп қатал болатын

Мен 1962 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің роман-герман бөліміне қабылдандым. Кейіннен қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне ауыс­тым. ҚазМУ-де оқып жүрген кезімде «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа орналастым. Бұл – 1967 жыл еді. Ол кезде ай­тулы басылымның бас редакторы қызметін Шерхан Мұртаза атқарған. Міне, осындай қарымды қаламгер, ұлжан­ды азамат, іскер басшының қол ас­тында қызмет ету бақыты маған бұйыр­ды.