Руханият • 10 Маусым, 2019
«Малым мен жанымды алсаң да, рухымды алма, Алла» деп өтіпті бір атамыз. Ол батыр да, жайсаң да болмаған, ауылдағы қара шал ғана болыпты. «Осының айта беретіні қайдағы рух? Қалбаңдаған қалжасы қояндай бола тұра, рух деп үзіледі де тұрады, рух мұның қай жеріне сыйып тұр осы?» деп құрдастары қаузайтын көрінеді. Сонда құртақандай күйбеңдеген қара шал: «Е, рухың өлді дегенше – ұрығым өлді де. Үрім-бұтағым солды де. Рухсыз тірлік болып па? Елдің ел болып отыруы да рухтың арқасы емес пе!» дейді екен.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Тәуелсіз байқаушыға ризашылығын білдірді
Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының бұрынғы президенті Степан Месичпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Штаб мүшелері мен партия жақтастарына алғыс айтты
Exit-pool қорытындысына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,13 пайыз даусын жинады. Халықтың сайлауға келу көрсеткіші 77,4 пайызды құрап, 9 миллионнан астам қазақстандық өз таңдауын жасады, деп хабарлады Nur Otannyń баспасөз қызметі.
Саясат • 09 Маусым, 2019
Алматыда сайлауды бақылауға 80-нен аса халықаралық бақылаушы қатысуда
Президент сайлауының барынша ашық өтуін қадағалау мақсатында Қазақстанға бірқатар әлем елдерінен бақылаушы мамандар келгені мәлім. Еліміздегі ең алып мегаполис саналатын Алматыдағы қызу науқанды бақылауға 80-нен астам халықаралық сарапшы қатысты. Шаһардағы 563 сайлау учаскесіне 1 миллион 130 мың 792 сайлаушы тіркелген. Учаскелер тасымалданатын және тұрақты сайлау жәшіктерімен, қажетті ақпараттық материалдармен толықтай қамтылған.
Сайлау • 09 Маусым, 2019
Дариға Назарбаева елордадағы Оқушылар сарайында дауыс берді
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сайлау • 09 Маусым, 2019
Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Президент сайлауына түсіп жатқан Жамбыл Ахметбеков дауыс берді.
Әлем • 07 Маусым, 2019
Парламентшілер НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты
Парламент Сенаты мен Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеттерінің депутаттары Н.Нұрсипатов пен Е.Бектұрғанов Братиславада өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2019
«Еңбек» бағдарламасының қатысушыларына мыңға жуық шағын несие берілді
Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 60 млрд. теңгеге жуық несие беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына – 27,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 07 Маусым, 2019
Сыртқы істер министрінің орынбасары Германияның экономика күндеріне қатысты
Германияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның экономика күндеріне Христиан-демократиялық одақ партиясы желісі бойынша қатысты. Аталған іс-шара Германияның жоғары шенді тұлғаларының қатысуымен экономикалық даму мен іскерлік белсенділікті арттыруға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға арналған әлемдік және еуропалық деңгейдегі беделді алаңның бірі. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 07 Маусым, 2019
Биылғы күнтізбе халқымыздың тарихи тұлғаларының өмірімен тығыз байланысты айрықша даталарға толы. Осындай алыптардың қатарында қазақ журналистикасының кемеңгері, көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың 90 жылдығы аталып өтуде.