Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20500 материал табылды

Экономика • 09 Тамыз, 2023

Саудасы қызған Қытай сайттары

Электронды коммерцияның дамуымен елдер арасында сауда-саттық бұрынғыдан да тиімді бола түсті. Қазір жаһандық электронды сауда нарығының көлемі 3,5 трлн теңгені құрайды. Ел азаматтары қытайлық электронды коммерция өнімдерін жаппай сатып алып жатыр. Басты себеп – тартымды баға және ауқымды ассортимент.

Қоғам • 09 Тамыз, 2023

Журналистика және жаңа жұмыс форматы

Былтыр қараша айында Оксфорд университеті, «Reuters» журналистиканы зерттеу институты журналистика саласындағы жаңа жұмыс форматына байланысты зерттеу нәтижелерін жария­лады. Бұл еңбекте пандемиядан кейін қалыптасқан ахуалға байланысты редакциялардың жаңалықтар бөлімін қайта құру, икемді және гибридті жұмыс жүйесін енгізу мәселесі қарастырылған.

Қоғам • 09 Тамыз, 2023

Ұлттық бірегейлік: ұмтылыс пен ұтылыс

Ел көңілі алаң. Себебі әлемдік тәртіптер жылдам өзгеріп жатыр. Әлеуеті басым державалардың демократия мен бейбітшілік құндылықтарына ұйып отырғаны шамалы. Ресей тарапынан Украинаны басып алуға бағытталған соғыстың басталғанына да жылдан асты. Қытайдың экономикалық экспансиясы және өз ішіндегі аз санды халықтардың құқығын бұзуы ахуалды күрделендіре түседі.

Абай • 09 Тамыз, 2023

Ғалам және Калам

Ислами ойлау жүйесінің қағидаттық негізі Калам ілімі қалыптасқанға дейін, ол қияметке жетелейтін қиын да күрделі жолдан өтті. Сол қайшылықтарға қатысты Абайдың өлеңдері мен «Қарасөздеріндегі» ұғымдық-терминдік түсініктерді ғана іріктеп алып, оны салыстырмалы түрде ойға азық болатын мәтіндермен жарыс­ты­рып, қысқаша тәфсір қайыруға ұмтылып отырмыз. Бұл әдіс-амал бізді жалған пайымдаулардан, яғни жалған ғылыми бопсалардан, орынсыз жайылып кетуден, мәселені түсініксіз түсіндіруден сақтандырады деп сенеміз.

Мәдениет • 09 Тамыз, 2023

Құнанбай мешіті жөнделеді

Қарқаралы қаласындағы 170 жылдан астам тарихы бар Құнанбай қажы мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбай қажының пәрменімен мешіттің алғашқы іргетасы 1851 жылы қаланады. Талай тарихи кезеңнің куәсі болған шаңырақ соңғы рет 2009 жылы жөндеу көрген.

Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Құрық портынан – Парсы шығанағына

Abu Dhabi Ports компаниясымен (Simatech Shipping & Forwarding атындағы AD Ports Group бөлігі саналады) бірлескен кәсіпорынды іске қосу Қазақстанға Парсы шығанағы, Таяу Шығыс, Пәкістан, Үндістан және Шығыс Африка жағалауындағы елдер нарықтарына елімізден экспортталған жүктерді жеткізудің ең қысқа тікелей жолын құруға мүмкіндік береді.

Құрылыс • 08 Тамыз, 2023

Жылу жүйелері жөнделіп жатыр

Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін жазғанымыздай, Металлургтер қаласында өткен жылыту маусымы кезінде 400-ге жуық апат орын алған. Кеңес кезінде орнатылған жылу құбырларының 70 пайызы тозған. Қазір жылу құбырларын жаңарту жүріп жатыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Білім • 08 Тамыз, 2023

Ақкөл мектебінің мақтаныштары

Ақкөл орта мектебі 1968 жылы құрылған. 480 орынға арналған. Математика-жара­ты­лыс­та­ну бағыты бойынша оқушылар дайындайды. Мектеп жанында шалғай ауылдардан келіп оқитын оқушыларға арналған интернат пен балдырғандарға ар­налған «Қарлығаш» шағын орталығы жұ­мыс істейді.

Абай • 08 Тамыз, 2023

Хакім Абайдың данышпандық тұлғасы

Абай дейтін хакім, данышпан кісі еді. Абай дейтін хакім, данышпан кісі еді. Әттең, туған жері қазақтың іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді.  Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қоғам • 08 Тамыз, 2023

Сынаққа айналған сынап

Нұра өзенінен табылған сынап су жағасындағы жұртқа үлкен сынақ болып тұр. Бұл жолы экологтер сынапты ана сүтінен тапқан. Әңгімені әріден қозғасақ, 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Нұра өзенін «әлемдегі ең ластанған су айдыны» деп тапқан болатын. Тіпті өзеннің төменгі жағында орналасқан елді мекендер, ауыл шаруашылығы жерлері, ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған кезеңде болған. Содан бері, міне, өзен жағасындағы жұрт сынабы бар суды ішуге, оны шаруашылыққа пайдалануға мәжбүр.

Яндекс.Метрика