Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19539 материал табылды

Күрес • 06 Қаңтар, 2023

Жұлдызы жанған Жәмила

Қазақтың қайсар қызы Жәмила Бақбергенова үшін былтырғы маусым өте сәтті өтті деуге толық негіз бар. Өйткені қыздар арасында Қазақстанның ең танымал балуан қызы 2022 жылда орасан зор табыстарға қол жеткізді. Сол нәтижелерінің арқасында қандасымыз Халықаралық күрес федерациясы (UWW) бекіткен барлық салмақтағы әлем рейтингінде (72 килоға дейінгі салмақта) 1-орынға көтеріліп, жылды өз салмағының көшбасшысы ретінде аяқтады.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2023

Жастар жұмыссыздығы: себеп пен салдар

Елімізде инженер, есепші, орта мектеп мұғалімдері тапшы. Медицина мен өнеркәсіп саласында да мамандар жеткіліксіз. Десе де Астана мен Алматы өңірінде «екі қолға бір күрек таппай» сенделген жастар көп. Яғни Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешімін таппай отыр. Күрмеуі қиын түйткілдің себебі неде? Салдары қандай?

Медицина • 05 Қаңтар, 2023

Ишемиялық сырқатты емдеудің жаңа әдісі

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жүректің созылмалы ишемиялық ауруы мен жіті коронарлық синдромға шалдыққан пациенттерге МӘМС есебінен заманауи инвазивті тәсілмен операция жасалды. Кейінгі кезде оперативтік ем саласында жиі қолданылып жүрген тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу және фракциондық резерв тәсілдері «Қалқаман» шағын ауданындағы ауруханада алғаш рет қолданысқа енгізілді. Шеберлік сабағына Астана мен Тараздан келген дәрігерлер қатысты.

Қазақстан • 05 Қаңтар, 2023

Тасқа қашалған тарих

Әу бастан тағдыры тасқа қашалған ха­лықпыз. Қасиетті қоныс Өтүкенде туын тіккен көне түр­кі жұртынан қалған Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін жазба ескерт­кіштері соны айғақтайды. Бай­кал­дан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр кеңістіктің өне бойында еңсе тіктеген балбалдар мен құлама жартаста бедерленген суреттер де байырғы дәуірлердің құпиясын арқалаған хабаршылар іспетті.

Саясат • 05 Қаңтар, 2023

Қаралы қаңтар хроникасы

Тәуелсіздігімізге қауіп төндірген 2022 жылдың қаралы қаңтары жүректегі жараны әлі жазған жоқ. Мемлекеттік құпияға байланысты тергеу жұмыстарының барлығы халыққа әлі де жетпей отыр. Аласапыран кезеңнің қанды хроникасы туралы не білеміз? Қандай ой түйдік? Мемлекет басшысының ұстанымы мен ұсынған жолы қалай қабылданып жатыр?

Саясат • 05 Қаңтар, 2023

Заңға құрмет – мемлекетке құрмет

Менің түсінігімдегі әділет – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де – барлығы заңға бағынуы керек. Сондай-ақ заңды ел азаматтары да сақтауға тиіс. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да заң аясында болуға тиіс. (Қасым-Жомарт Тоқаев. Facebook парақшасынан, 8 мамыр 2019 жыл)

Қазақстан • 04 Қаңтар, 2023

Пердесіз көңіл

Ерекең, Ержұман аға есімін қазақ журналистикасының соңғы үш буыны өте жақсы біледі десек, бұл артық айтқандық емес. Олар: кешегі аға ұрпақ өкілдері мен өзіміз сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің замандастары және кейінгі ізбасар іні әріптестері. Өйткені оның орта мектепті бітірген соң міндетті әскери борышын өтеп, одан КазГу-ге оқуға түсіп, оны аяқтағаннан кейінгі 42 жылға жуық өмірі міне, жоғарыда аталған жандардың ортасында өтті. Атап айтқанда, «Лениншіл жаста» аты аңызға айналған редактор Сейдахмет Бердіқұловтан тәлім-тәрбие алып, «Социалистік Қазақстанда» білімді де білікті басшылар Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлынан тәжірибе жинақтады. Кейін бұл басылым «Егемен Қазақстан» атанғанда бас редакторлық қызмет атқарған атақты Шерхан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевқа сенімді серік болды. Одан соң осы жерде замандастары Нұрлан Оразалин, Уәлихан Қалижанов және Жанат Елшібекпен жұмыс істегенде, өзара сыйластық пен түсіністіктің үлкен үлгісін көрсетті. Ал ізбасар інілері Сауытбек Абдрахманов, Еркін Қыдыр, Мейрамбек Төлепбергенмен еңбек еткендегі ұстамды да ұлағатты бірлік белгісін сол кездегі ағамызбен қызметтес болған әріптестері өте жақсы біледі.

Өнер • 04 Қаңтар, 2023

Өнеріміз өрісті болғай

Міне, мезгіл шіркіннің тағы бір жылы өтті. Өткен жылмен бірге көңілде де сан түрлі сезім қалды. Өткен жылдың басы халқымыз үшін ауырлау басталғанымен, күндер соңына ілескен күндер, айларды алмастырған айлар қаңтардағы жүректе қатқан сол бір қасіретті сеңді көктем шуағымен бірге аз да болса жібіткендей болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың дер уақытында қабылдаған дұрыс әрі нақты шешімдерінің арқасында қасірет бұлты сейілді. Әділетті Қазақстан аталатын жаңа кезеңге аяқ бастық. Маңызды саяси оқиғалардың куәсі болдық. Барлығы да халқымыз үшін тек қайырлы болсын деп тілеймін.

Пікір • 01 Қаңтар, 2023

Өткен жылда белгі бар

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өткен 2022 жылға шолу жасап, қандай маңызды жұмыстар атқарылғаны туралы «Telegram» арнасында жазба қалдырды.

Таным • 01 Қаңтар, 2023

Ойда жүрер оқиғалар

...Осыдан 360 жыл бұрын, яғни 1663 жылы: – Төле би Әлібекұлы дүниеге келді. ...Осыдан 200 жыл бұрын, яғни 1823 жылы: – Композитор Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді.