Руханият • 27 Маусым, 2024
Мақтымқұлы мен Абай: дүниетаным сабақтастығы
Түркіменнің ұлы ақынының туғанына 300 жыл толуына орай, Түркі мәдениетін және өнерін дамыту Халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 2024 жылды Мақтымқұлы жылы деп жариялады. Күллі түркі әлемі атап өтіп жатқан ақынның 300 жылдық мерейтойы қазақ елінде де кеңінен аталып жатыр. Мақтымқұлы бұрындары түркімендер арасында кеңінен танымал болса, уақыт жылжып, замана алға жылжыған сайын ақынның артына қалдырған рухани мұрасы түркі әлемінің, одан қалды әлемдік әдебиеттің тарихынан өзіне лайықты орнын иелене бастады.
Суицид • 26 Маусым, 2024
Жыл сайын әлемде суицид салдарынан шамамен 800 мың адам өмірден өтеді. Бұл дүние жүзінде әр 40 секунд сайын 1 адам өз-өзіне қол салады дегенді білдіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстан әлемдегі суицид деңгейі ең жоғары елдердің қатарына кіреді.
Сараптама • 26 Маусым, 2024
Медиация: жүйе, қағидат және тәжірибе
Қазіргі қоғамда, әсіресе еліміздің құқықтық жүйесінің үздіксіз дамуы жағдайында медиацияның маңыздылығы артып келеді. Даулы мәселелер мен ұрыс-керісті шешудің бұл әдісі сот және мемлекеттік органдарға түсетін салмақты азайту үшін ғана емес, қоғамдық келісім мен құқықтық мәдениетті нығайту үшін де маңызды.
Руханият • 25 Маусым, 2024
Құнанбай туралы әңгіме көп. Ақиқат пен аңыз араласып кеткен. Тұлға тағдыры солай болатыны шындық. Өсіріп айту, әсірелеп айту, ғайбаттап айту секілді «айтулар» да жеткілікті, Мұхтар Әуезов «Абай жолының» бірінші, екінші кітаптарында Құнанбайға «шаң жолатпаған». Үшінші кітабында «Жақсы – Құнанбай» деп баға берген.Құнанбай – Абайдың әкесі, Шәкәрім қажының атасы. Бұл – айрықша айтылатын құбылыс.
Тұлға • 25 Маусым, 2024
Оны Абай облысының тұрғындары жақсы таниды. Қалың жұрт Құсекеңнің талантына таңдай қаққанда Үржардың ірісі, Семейдің серісі десе, азаматтық ұстанымына сай мәдениет жанашыры, қайраткер тұлға деп санайды. Бүгінгі әңгіме Құсмілия Нұрқасым туралы болмақ.
Құқық • 25 Маусым, 2024
Сот жүйесі мәртебесін ақтап келеді
Жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сот реформасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің әділ қорғалуын қамтамасыз ету, сол арқылы елімізде заң үстемдігін орнату мақсатын көздейді. Өткен жылдар біз үшін іргелі бастамаларға толы болды. Ең басты жаңалық деп Конституциялық соттың құрылуын айтар едік.
Құқық • 25 Маусым, 2024
Кез келген адамның құқығын әділ қорғау – мемлекеттің міндеті. Оны заң аясында орындау үшін шынайы сот төрелігін жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта сот ісін алқабилердің қатысуымен жүргізу тәжірибеге енгізілді.
Еңбек • 22 Маусым, 2024
Ақтөбе облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 34,8 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Жергілікті мемлекеттік органдарда еңбек етіп жүрген қызметшілердің 28-і Мемлекеттік басқару академиясының түлегі болса, 5 маман «Болашақ» бағдарламасын аяқтаған.
Пікір • 22 Маусым, 2024
Сала мүддесін қорғайтын институт қажет
Қазіргі алмағайып тұста медиа кеңістіктегі ақпараттың бұрмалануы, фейк, манипуляциялық деректердің жиі көрініс табуы журналистің міндетін, қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейте түсті. Әрі кәсіби журналистика түрлі киберқылмыс, өшпенділік сипаттағы деректердің кең етек алуынан, цифрлық технология есебінен кедергілерге ұшырап отыр.
Қоғам • 22 Маусым, 2024
Басылымдарға грант берілетіні қуантты
«Масс-медиа туралы» заң қабылданғанға дейін қаншама жиын, кездесу ұйымдастырылып, көптеген ұсыныс айтылды. Оның бірі ескерілсе, енді бірі назардан тыс қалып жатты. Әрине, бұл – заң жобасын талқылаудағы қалыпты құбылыс. Менің айтпағым, бұған дейін де айтып жүргенім – өңірлердегі мерзімді баспасөздің бүгінгі қаржылық жағдайы.