Пікір • 20 Наурыз, 2023
Ел өміріндегі үлкен оқиғаның бірі – Мәжіліс және мәслихаттардың сайлауы. Сол себептен, бұрынғыдан өзгеше болған бұл сайлаудың жауапкершілігі де, маңызы да зор.
Пікір • 20 Наурыз, 2023
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Себебі барлық партияға, барлық кандидатқа тең мүмкіндік берілген. Жасыратыны жоқ, бұрын Президент партия төрағасы болған уақытта сол партияның басымдығы көрініп тұратын.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Алматы облысындағы сайлау учаскелері сайлау талаптарына сай жабдықталып, сайлаушылардың еш кедергісіз таңдау жасауына бар жағдай жасалғаны бірден байқалады. Сол қатарда Талғар ауданындағы 81 сайлау учаскесі бойынша 43 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасады.
Қоғам • 17 Наурыз, 2023
Әлем қазақтары Наурызды қалай тойлайды?
Қазақ халқы Наурыз мерекесін жаңару күні санайды. Бес мың жылдық тарихы бар мейрам қарсаңында ресми деректер бойынша 3,5-4 млн, бейресми деректерде 7 млн-ға жуық саны бар алыстағы қандастарымызбен сұхбат құрдық. Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия, Германиядағы бауырларымызбен сөйлестік. Ұлыстың ұлы күнін алыстағы ағайын қалай атап өтеді? Қандай ерекшеліктері бар? Мемлекет басшылары бұл мерекеге мән бере ме? деген сауалдарға жауап іздедік.
Ұстаз • 17 Наурыз, 2023
Он төртінде ұстаз болған Отызбай
Өткен жылдың 17 қаңтары болатын. Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді Әшіров хабарласып, қаралы хабарды жеткізді. Республикаға еңбегі сіңген мұғалім Отызбай Сүйіндіков қайтыс болыпты. Қайғылы хабардан бірнеше күн бұрын ғана үйге телефон соғып, біраз әңгімелескен едік. Соңғы рет тілдескен екенбіз.
Қоғам • 16 Наурыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауында жаңадан үш облыстың құрылатындығы туралы шешім жария болғанда жұрт шын қуанды. Әсіресе, облыс мәртебесінен айырылғанына 25 жылдың жүзі болған бұрынғы Семей облысының халқы үшін бұл жаңалық болашаққа деген сеніміне серпін бергені сөзсіз.
Пікір • 15 Наурыз, 2023
Ел мүддесі үшін дауыс беру керек
Алдағы жексенбіде, жақсылықтың жаршысы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жалпы жұрт күтіп отырған Парламент Мәжілісі және жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздің демократиялық дамуындағы жаңа белес болатыны анық.
Пікір • 15 Наурыз, 2023
Бізге берілген үлкен мүмкіндік
Дауыс беріп, саяси оқиғаға өз үнімді қосуға мүмкіндік алған кезден бері сайлау науқанынан сырт қалған емеспін.
Партия • 15 Наурыз, 2023
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрайнаш Камалова «КазТрансОйл» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Партия • 15 Наурыз, 2023
Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Ақтау қаласындағы Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.