Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19821 материал табылды

Ғылым • 21 Қараша, 2022

ІТ: Үнем мен үлес

Дамудың даңғыл жолына түскен еліміз үшін әр саланың қарқынды дамуы маңызды. Бұл ретте мемлекетіміздің өркендеуі үшін білімді жастардың қатарға қосылғаны қажет-ақ. Цифрландыруға қадам басқан сайын еліміздің білім жүйесі де жаңғырып жатыр. Күні кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин төменгі сынып оқушыларын ауыр сөмкеден құтқарып, планшет қолдану жоспары бар екенін айтты. Осы және өзге де жаңашылдықтар жаңа Қазақстанның білім саласының дамуына дүмпу берері сөзсіз.

Таным • 21 Қараша, 2022

Әмбебап техника

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев әріптестерімен бірге 4 машинаның жұмысын атқаратын әмбебап техниканы әзірледі. «Болашақ» түлегі мемлекеттен грант алып, техниканың бірнеше данасын сынақтан өткізіп үлгерген.

Қоғам • 18 Қараша, 2022

Жүрегіне иман ұялаған кәсіпкер

Қазір қалада да, далада да не көп, жекеменшік дүкен көп. Бұл бір жағынан тұтынушыларға да жақсы, қалаған жеріне бас сұғып, керекті заттарын ала қояды.

Саясат • 18 Қараша, 2022

Демократия – заңды құрметтеу

Бүгінгі ұрпағына ұшқан құстың қанаты талатындай ұлы даланы мұраға қалдырған бабаларымыз бұрын-соңды ХХ ғасырдай ауыр кезеңді аз көрген болар. Халқымыз ғасыр басынан бастап ұлт-азаттық көтерілісінің аласапыранынан, экономикалық формация ауысуы кезіндегі дөрекі қателердің ауыр зардабынан, қызыл империяның қолдан ұйымдастырған аштығынан, 30-жылдарғы саяси қуғын-сүргіннен, Екінші дүниежүзілік соғыстан қынадай қырылды. Одан кейінгі жылдарда қызыл империяның құрсауы тырп еткізген жоқ, жері ядролық қару сынағының шаңдағына айналды, тілі табалдырықтан қарап қалды, діні-ділі аяқасты болды.

Саясат • 18 Қараша, 2022

Реформа жүйелі жүргізілсе...

Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлт­тық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті.

Саясат • 18 Қараша, 2022

Кәсіпкер әйелдер қолдау күтеді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітап­хананда жергілікті халықпен кездесу өткізді.

Саясат • 18 Қараша, 2022

Мамандық мәртебесін арттыру жөні

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Тараз қаласының «Жанұя» емханасында сайлауалды кездесу өткізді. Кездесуге әлеуметтік сала және медицина қызметкерлері қатысты.

Саясат • 18 Қараша, 2022

Агросала – экономика драйвері

Президенттікке кандидаттардың бірі Жигули Дайра­баев­тың сенімді өкілі Николай Арсютин Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы «Қызылжар сүт» ЖШС кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті.  

Саясат • 18 Қараша, 2022

Бағдарламаны қаржы шідерлейді

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімсіздігін атап өтті. Бұл туралы Қаскелең қаласының педагогтерімен болған кездесуде айтылды.

Саясат • 18 Қараша, 2022

Жас іскерлер үшін жеңілдіктер

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық штабтың мүшелері Түркістан облысы және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесулер өткізді. Барлық кездесулерде сайлаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның реформалар бағытын қолдайтынын жеткізді.