Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2091 материал табылды

Таным • 13 Маусым, 2024

«Түрік» қолданысын қайтаруымыз қажет

Ерте дәуірлерде, сонау VI-VІІІ ғасырларда-ақ мәңгі тастарға (бенгү таш) «Түрк» деп таңбаланған этнонимнің де, сондай-ақ тиісті этностың тілінің атауының да уақыт өте келе, ХІХ ғасырда екі түрлі қолданыла бастауының түп-төркінінде астарлы саяси себептердің жатқаны баршаға мәлім. Екі түрлі қолданыс ең алдымен түрік тілдерін бір тілдің диалектісі ретінде емес, жеке, дербес тіл ретінде қарастырудан өрбіді. Осылайша, «түркі тілдері» (тюркские языки) термині қолданысқа ене бастады.

Руханият • 13 Маусым, 2024

Руханият ордасы

Алматыдағы қазақ мәдениеті мен ғылымының қара шаңырағы Қазақстан Республикасының Ұлт­тық кітапханасы шежірелі көне тарихтың өзіндей емес пе? Аталған орданы тұңғыш бас­қар­ған мем­лекет қайраткері Ораз Жандосовтан бастап, бүгінгі басшылыққа дейінгі аралықта қаншама тұғыр­лы тұлғаларымыздың рухани ордасына айналған кітапхана бұл.

Тарих • 13 Маусым, 2024

Айтқали Абылаев ісі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрыл­ған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында елімізде жүйелі жұмыс атқарылды. Мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесі ұсыны­сымен қуғын-сүргін бойынша 2,5 млн-нан астам құпия құжат құпиясыздандырылды, 311 мыңнан аса құрбан мен зардап шеккен азамат ақталды. Мемлекеттік кеңесші – Мемлекеттік комиссия төрағасы Ерлан Қариннің басшы­лығымен «ХХ ғасырдың 20–50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша Мемлекеттік комиссия материалдары» сериясымен том-том жинақ жарияланды.

Ғылым • 12 Маусым, 2024

Шашыранды металдар концентратын алу технологиясы

Металлургия – экономика­мыздың негізгі саласы. Еліміз­дегі ірі ғылыми орталық са­на­латын Металлургия және кен байыту институты­ның ғы­лыми бағыты – кен ба­йы­­ту, металлургия және ма­те­­риалтану саласында ір­гелі және қолданбалы зерт­­теулерді жүр­гізу, олар­дың нә­тижесін тәжі­рибе­лік сынақ­тардан өткізіп, өнді­ріске енгізу.

Пікір • 12 Маусым, 2024

Мемлекет бағ­да­ры­ның басты идео­логемасы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты мақаласында дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Әділетті Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасының мән-мағынасын жан-жақты айшықтап берді.

Табиғат • 12 Маусым, 2024

Орман көбейсе, табиғат көркейеді

Еліміздегі ормандардың жалпы ауданы 13,5 млн гектарды құрайтын болса, оның жартысына жуығы сексеуілді алқаптарға тиесілі. Қазіргі кезде жеріміздің басым бөлігі әртүрлі деңгейде тозып барады. Сондықтан Президенттің бастамасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы аса зор.

Сараптама • 12 Маусым, 2024

Бала тәрбиесі: Ата-ана неге алаңдайды?

Бала тәрбиесі мен ұрпақ болашағы – ата-аналарды алаң­да­татын басты мәселенің бірі. Ақпарат ағыны мен техно­ло­гия­ның заманында ұрпақ тәрбиесіне терең мән беру өзекті екені даусыз. Осы тақырыпта әлемнің жетекші зерттеу орталықтары өз есептерін жариялап келеді. Бүгінгі мақа­ла­да IPSOS (Institut Public de Sondage d’Opinion Secteur) ұсынған «Болашақта не болады: бала тәрбиесі» (What the future: parenting) атты бала тәрбиесіне қатысты есебін ұсынамыз. Есепте бүгінгі және келешектегі ата-аналардың нені қалайтыны, бала тәрбиесіндегі жаңа үрдістердің талдауы ұсынылады.

Саясат • 12 Маусым, 2024

Реформаның үштағаны: жасампаздық пен жаңғыру жолы

Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың бедерінде мүлде өзгеріп, билік құрылымынан бастап қоғамдық-саяси санаға дейін түбегейлі жаңғырып жатыр. Бұл жаңғыру батыл қадамдарға, байыпты шешімдерге табан тірейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған сол саяси бағдар жөнінде тарқатып айтқан жөн болар.

Руханият • 11 Маусым, 2024

Жазудағы көңіл күй хошы

Газет бастауында тұрған Мұхамеджан Сералиннің қалай жазғанынан беймәлімбіз. Ал осы басылымның тағы бір басшысы Бейімбет Майлиннің маңдайына түскен қою шашын саусақтарымен шиырлап, түнгі терезеге жанарын жасқана қадап қойып, сүйкектетіп отырғанын елестетеміз. Сыртта үрей кезіп жүр, қағынан заманның сұсы жаман. Көбіне алаң көңілін жазумен басқан екен, жарықтық, естеліктерден білетініміз солай. Сонда да қандай құқайға қармастан өздері ашқан «Ауыл» (бүгінгі облыстық «Қостанай таңы») газетін шығарудан айнымаған ғой. Сол арыстардың жалғасы – кейінгі ағаларымыз қалай жазды екен деген таңсық сұрақ, міне, жүз екі жыл бедерінде де еліктіріп қоймайтыны несі екен?

Тәрбие • 11 Маусым, 2024

Ұрпақ тәрбиесінің жүгі

Адамзаттың арманы асқақ, үміті зор, келер күнім кемел болса екен, арғы күн оданда биік, таңы жадырап атып, күнін бұлт шалмай, күліп тұрса екен дейді. Бұл көбіне, қарапайым бұқараның тілек-тілеуіндей көрінетіні және бар. Осымен күн кешіп, өмір өткізіп келеміз. Мұндай тірлікте құт мекен – жері бар, көзге түртіп көрсетер рухани құндылығында кемдік жоқ, өнегесі өрісті, өренді ұрпағы бүтін, түтіні түзу шығатын жұрттар ғана алаңсыз болатыны ақиқат.