Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19823 материал табылды

Пікір • 08 Қараша, 2022

Саяси құқықтың ажырамас бөлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл наурыз айында жарияланған саяси бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар заңнамалық актіге қол қойды. Бұл заңдардың айтарлықтай бөлігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық қорғау институттарын нығайтуға, оның ішінде «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға қатысты.

Саясат • 08 Қараша, 2022

Жемқорлыққа жол жоқ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабында кездесу өткізді.

Саясат • 08 Қараша, 2022

Алты өңірдегі нәтижелі жұмыс

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова өзін кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау бойынша бүгінге дейін атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді.

Саясат • 08 Қараша, 2022

Суицидпен күрес жоспары

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбден Жезқазған қаласында өткен дөңгелек үстелде суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар әзірлеуді ұсынды.

Саясат • 08 Қараша, 2022

Ауыл ахуалы алаңдатады

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Алматы қаласының іргесіндегі Нұра ауылындағы сайлаушылармен кездесті. 

Саясат • 08 Қараша, 2022

Кәсіподақты дамыту қажет

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе қаласындағы «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Саясат • 08 Қараша, 2022

Ырыс алды – ынтымақ

Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді.

Пікір • 07 Қараша, 2022

Замана талабына сай заңдар

Мемлекет басшысы 2022 жылғы маусымдағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданған бірқатар маңызды заңға жария түрде қол қойды. Біз осылайша конституциялық реформаны нақты жүзеге асыруға кірістік.

Ғылым • 07 Қараша, 2022

Ғылым жолындағы жастарға мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру және ғылымға бөлінетін гранттың мерзімін ұзарту мәселесін тиісті министрлікке тапсырған еді. Президент «Еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз», деп ғылымды дамытуға қолдау көрсетілетінін айтқан болатын. Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәкидің айтуынша, биыл отандық ғылымды қолдау мақсатында ғылыми жобаларға бөлінетін грант көлемі артады.

Қазақстан • 07 Қараша, 2022

Майбалықтан түлеп ұшқан қырандар

«Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» дейді дана халқымыз. Ел басына қара бұлт үйірілген қиын сәттерде ауыздықпен алысып атойлаған баһадүрлердің ерлігі мақтаныш қана емес, кейінгі жас ұрпаққа үлгі. Олардың кіндік кесіп, жаялық жуған жерін қорғау барысындағы қайсарлығы мен ерлігі алаш жұртының мәңгі жадында. Олардың кескілескен ұрысқа ұласқан өмірі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылып, елдің ерекше жаратылған ұлы перзенттерінің бірі болып есімі мәңгі ұлықталып өтетініне еш шүбә жоқ...Астана іргесіндегі Майбалық елді мекенін алтын құрсақ аналар талай арыстарды дүниеге әкелген киелі өңір десек асылық айтқандық болмас. Майбалықтан маңдайын Сарыарқаның самалына тосып өскен талай батыр тұлғалы азамат шықты.