Пікір • 19 Қазан, 2022
Ұлытауда өткен алғашқы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Республика күні мейрамын қайта жаңғыртып, ұлттық мереке деңгейінде атап өту туралы сөз етіп қана қоймай, сындарлы шешім қабылдағаны көпшілік көкейінен шықты.
Экономика • 19 Қазан, 2022
Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы
Соңғы бес жыл ішінде елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт 17,4%-ға өсті.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Астанада «Керуен» сауда орталығында «Аmanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Біздің волонтерлер» фотокөрмесі өтіп жатыр. Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «Жастар рухының» волонтерлері әрқашан алдыңғы қатардан табылатынын атап өтті.
Руханият • 18 Қазан, 2022
Біз білетін Шерхан ағаның тұлғалық болмыс-бітімінде отаншылдық идея атойлайды. Оның рухани қалыбын туған елін шын сүйген, жеке бас өзімшілдігі, сыпыра даңққұмарлығы, жалған абыздығы, өркөкірек өлермендігі, менмендігі жоқ жазушы деп қабылдаймын. Шерағаңның «Бір кем дүние» атты іркес-тіркес философиялық ой-толғамдарында азаматтық тұлғасы мен жазмышы қатар өрілген. Жанры жан-жақты – эссеистика, этюд, портрет, естелік, қойын дәптер, сын, автопортрет, мысал, аңыз, сентенция десе болар. Автор субъективті көзқарасын объективті тезге салып жіберуден жаңылмайды.
Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Алматыдағы дарынды қыз балаларға арналған лицей-интернатқа белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, бүкіл саналы ғұмырын еліміздің оқу-ағарту ісін дамытуға арнаған білікті де ұлағатты ұстаз Шәмша Беркімбаеваның есімі берілді. Қатардағы ұстаздан министр лауазымына дейін жетіп, үкіметтік деңгейде ауыл мектебі бағдарламасының қабылдануына мұрындық болған, қазақ мектептеріндегі білім беру жүйесін жаңғыртуға үлкен еңбек сіңірген Шәмша Көпбайқызы бүгінде көзі тірі болса 80 жастың асуын бағындырар еді...
Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Аса жақын араласпасаң да, ерекше құрмет тұтатын жандар болады. Олардың адамдармен қарым-қатынасынан парасаттылық, қарапайымдылық пен биік мәдениет есіп тұрады. Кеңес Нокин шынайы болмысымен айналасына шуақ шашып жүретін, өзін де құрметтете алатын азамат болатын. Ақтөбе өңірінің көптеген ауданында шаруашылық қызметін атқарып, облыстық партия комитетінде 22 жыл бойы жұмыс істеп, ауыл шаруашылығы саласына басшылық еткен.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Жоспарлы негізде оқытқан ұтымды
Қазақ баласының қолына аттестат тисе болды, ата-анасы білімі бар ма, жоқ па, оқуға деген ынтасы қалай, мәселенің осы жағына қарамай, жоғары оқу орнына қарай жетектей жөнеледі.
Саясат • 18 Қазан, 2022
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Астана медицина университетіне барып, оқу ордасының ұжымымен кездесті. Кездесудің мақсаты – білім беру мекемесінің қызметімен танысу және отандық денсаулық сақтау саласының даму барысын зерделеу.
Саясат • 18 Қазан, 2022
Күн тәртібінде – азық-түлік қауіпсіздігі
Тунисте өткен 5 IOFS Бас Ассамблеясының министрлік сессиясының жұмысына IOFS-ке мүше 37 мемлекеттің 33-і және ИӘҰ-ның 41 ресми өкілі қатысты. Бұл туралы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (IOS) баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Әлеуметтік түсіндіру жұмыстары
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және Әлеуметтік кодекс жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрған арнайы мобильді топ Шығыс Қазақстан облысында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.