Тарих • 31 Тамыз, 2022
Құланнан тарқатылған түп шежіре
Орталық Азияны отанына айналдырған түркілер «еуроцентристердің» жасанды пікірі бойынша: «шетінен көшпенді өмір сүріп, тұрақты мекендерді салмаған». Ғылымға негізделмеген осындай қияли пікірлерді әшкерелейтін, отырықшы мәдениетінің орталығы болған Орталық Азия түркілерінің қалалары мен тұрақты мекендері қола дәуірінде пайда болып, ен жайып, тарихтың кейінгі кезеңдерінде ірі қалаларға айналған.
Қазақстан • 31 Тамыз, 2022
Әдетте, шырақшы деген сөз халқымыздың бай сөздік қорындағы «шамшырақ» деген сөздің буындас-тұлғалас нұсқасы екені белгілі. Байырғы дос, байыпты ғалым Балтабай Әбдіғазиұлының азаматтық сыр-сымбаты осы «шырақшы» деген сөзге шыншыл балама болып қабылданып, шырақ деген ұлттық термин заттық мағынадан рухани мазмұнға ұласып, оның дидактикалық-риторикалық, лексикалық-семантикалық, әлеуметтік-философиялық реңін ажарлай, байыбын базарлай түседі.
Қазақстан • 31 Тамыз, 2022
Ел егемендігін енді алған сындарлы сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің озық үлгісін көрсеткен айдарлы азаматтардың қатарында Ережеп Мәмбетқазиевтің есімі зор ілтипатпен аталады. Қаншама жастың арманына жол тапқан «Болашақ» бағдарламасы, үш тұғырлы тіл саясаты, тестілеу жобасы, өңірлік университеттердің құрылуы, жоғары мектеп академиясын құру сынды ғалымның бірқатар еңбегі – сол бір елең-алаң шақта дүниеге келген жобалар. Еліміздің ертеңі үшін кідірмей жұмыс бастап кеткен Қазақстанның алғашқы Білім министрінің ғылым жолындағы осынау толағай табыстары жайында әңгіме өрбітсек дейміз.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2022
Конституциялық реформа: Негізгі Заңға өзгерістердің мәні мен маңызын терең түсінген дұрыс
Конституция – еліміздің басты, жоғары мемлекеттік Заңы. Осыған байланысты Конституция күні – республиканың барлық азаматтары үшін айтулы күн. Бұл күні, 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда республикамыздың қазіргі уақытқа дейін қолданылып жүрген Негізгі Заңы қабылданды.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2022
Болашағымыздың бұлжымас бағдары
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп, ал оның ең басты құндылығы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды.
Саясат • 29 Тамыз, 2022
Сенімді әлем құру – адамзаттың ортақ мақсаты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Роберт Флойд бірлескен мәлімдеме жасады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Адам құқықтарын асқақтатқан Ата Заң
Республиканың Негізгі Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат құндылық болып табылады» деп көрсетілген. Ал Конституцияға 2022 жылғы 8 маусымдағы конституциялық Заңмен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекетімізде адам мен азаматтың мәртебесі туралы жоғарыда жарияланған негізгі нормаларды іс жүзінде іске асыруға жаңа негіздер береді.
Саясат • 29 Тамыз, 2022
ІТ-технология: Әйелдерді қолдауға жасалған қадам
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия алаңында IT технологиялар және бизнес саласындағы кәсіпкерлермен кездесу-тұсаукесер өтті.
Қоғам • 29 Тамыз, 2022
Мен көрдім күре жолдың күрсінгенін
Бұған дейін жолаушылардың базынасын естігеніміз болмаса, Қызылорда – Жезқазған бағытымен жүріп көрмеппіз. Енді, өз көзімізбен көрдік те, басымызды шайқап қайттық. Оны қойыңызшы, өзіміз де шайқалып, діңкеміз құрып келді. Әбден. Әсіресе, жап-жаңа Ұлытау облысының шекарасына аяқ артқанымызда, «жыларман» күйге түстік.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Виртуалды батырлық бірлікке бастамайды
Көптен бері көкейде жүрген әңгімені Абайға жүгініп айтпағанда кімге жүгініп айтқандаймыз?! «Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?» деген тосын ойды айтқан Абайдың кез келген сөзіне қайран қаламын. Оны ұлылық деңгейге көтеріп тұрған күмәнсіз көрегендігі мен туған халқының алауыздық қасиетінің сырын ашуға батыл ұмтылысы екені дау тудырмайды.