Оқиға • 11 Тамыз, 2022
Балалар жылына орай Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия балалар әні және балалар поэзиясына арналған ақындар мен композиторлар арасында республикалық байқау жариялады.
Абай • 10 Тамыз, 2022
Абайдың философиялық көзқарасы
Ұлттық поэзия тарихында Тұран идеясы мен мұратының жалынды жыршысы, қайраткері Мағжан Жұмабаев 1922 жылы жазылған «Педагогика» атты еңбегінде: «Тіл – адам жанының тілмашы» деп, «Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өміріндегі» ұлы қызметін нақтылы айқындап, «жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз» деп, тұжырымды түйін жасаған. Және де «бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі» анық көрінетінін, «таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» деп, көсілтіп-есілтіп тебірене сөйлейді. Ұлт тілінде «жан көріністері», «ақыл көріністері», «ішкі сезім көріністері», «сұлулық (эстетика) сезімдері», «құлық сезімдері», «суреттеу ассоциациясы» жарқын түрде сипатталатын болса, онда Абай шығармашылығында осынау таңғажайып қасиеттер, сипаттар, көріністер, ойлаудың шарттары (әсерленуі, суреттеу, еске түсіру, қиял жүгірту) толық, терең, жетік, мінсіз шеберлікпен орындалған.
Таным • 10 Тамыз, 2022
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін насихаттау жолындағы мақсатымыз – ұлттық санамызды бір жүйеге келтіру. Ұлттық тәрбие, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқының қалыптасуына, ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін меңгеріп және ұлттық салт-дәстүрлерді бойына сіңіру негізінде қалыптасады деп қарастырғанымыз да жөн болар.
Қоғам • 10 Тамыз, 2022
Қайролла Абылаев іргетасын 1882 жылы аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсарин қалаған білім ордасын алтын медальмен бітірді.
Қоғам • 10 Тамыз, 2022
Ұлттық тәрбие – асыл қазынамыз
Халқымыздың рухани мұрасы аса бай. Ол ұшы қиырсыз Қазақ елінің ғасырлар тереңінен бастау алады.
Білім • 10 Тамыз, 2022
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерасыл Қабылқасымов – International Economics Olympiad-тың қола жүлдегері атанды.
Қоғам • 10 Тамыз, 2022
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
«Жасыл даму» АҚ «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы ЖШС-ның расталған міндеттемелері бойынша «EcoQolday» жобасының қатысушыларына төлем жүргізуді бастады. Орындаған міндеттемелерін растайтын құжаттарын уақтылы ұсынған 26 компанияға бүгінде 105 миллион теңгеден астам қаржы төленді.
Қоғам • 09 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің жол саласы жайында біраз сын айтты. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу және жолдардың сапасына айрықша назар аудару керек екені туралы сөз қозғады.
Абай • 09 Тамыз, 2022
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Қажымас дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Абай
Тарих • 09 Тамыз, 2022
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Неплюев әскери училищесі кезінде Орынбор қаласында орналасқан. Бұл – Ресей империясының осы өлкесі үшін әскери мамандар даярлау мақсатында ашылған оқу орны. 1825-1866 жылдары осы оқу орнын 35 қазақ ұланы бітірген.