Қазақстан • 26 Шілде, 2022
«Алаш» мектебі: Аңыз бен ақиқат
Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқындар мен Түркістан легионында қызмет еткендер тағдыры. Әрине, олар жайында мәлімет өте аз. Түркістан легионы туралы 1968 жылы С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітабы шығып, кейін 1972 жылы орыс тілінде жарық көрді. Тәуелсіздік жылдары Түркістан легионы жөнінде Амантай Кәкеннің «Түркістан легионы», филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Садықованың «История Туркестанского легиона в документах» атты еңбегі жазылғанын атап өтуге болады. «Тамұқтан өткен тағдыр» атты деректі әңгіме кітабындағы басты кейіпкерлер Екінші дүниежүзілік соғыстың ақтаңдақ бетінен өз орнын ойып алатын қайраткерлер екенін тарихтың өзі дәлелдеп берді.
Руханият • 26 Шілде, 2022
Арғы-бергі қазақта ана тіліміздің қадір-қасиетін құрметтеп, жан-жақты сипаттап, түсіндіріп айтқан тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» атты еңбегін оқығандар: тіл қисыны, тіл дәлдігі, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл көрнектілігі хақында қажетін артығымен өтейтін ғылыми дәріс алады. Десем де, осы ұлы еңбекке ден қойып жүргеніміз шамалы. Ахаңның сонда «...Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын» дегені, өкінішке қарай, әлі ескірген жоқ.
Өнер • 26 Шілде, 2022
Композитор Серікжан Әбдінұровпен тығыз араласуым жұмыс бабында басталған еді. Мен зейнет демалысына шыққаннан кейін астанадағы Музыка академиясына ұстаздық қызметке ауыстым. Осы оқу орнында менің ежелгі досым әнші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Омарбаев қызмет істейтін. Бір күні ол менің кабинетіме келді. Біраз шүйіркелесіп, сөйлескеннен кейін маған көкейінде мазалап жүрген ойын айтты. Бірде пойызда келе жатып, бір орысша журналдан оқыған шығармасы ойынан кетпейтінін баяндады.
Қоғам • 26 Шілде, 2022
Өтінішіміз орындалады деп үміттенеміз
Ел газеті – «Егемен Қазақстанмен» 1958 жылдан бері таныспын. 1957 жылы оқу бітіріп, Алматыдан елге оралған соң бірден жұмысқа кіріскеніміз белгілі. Газет-журналдарға жазылу дәстүрі де дәл сол кезде басталған-тұғын. Міне, сол уақыттан бері қарай міндетті түрде аудандық, облыстық екі газет пен республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне және үш журналға жазылудан айныған емеспін. Қазір жасым 88-де. Қостанай облысындағы Жангелдин ауданының орталығы – Торғайда тұрамын.
Спорт • 26 Шілде, 2022
Әділбек Баймұқанбетов есімі күршімдіктерге жақсы таныс. Қол күресі мен гір спортынан әлем, Азия, Қазақстан чемпионаттарында топ жарған саңлақтарды баптаған Әділбек Өмірбекұлы қазір кемел шағында.
Қоғам • 26 Шілде, 2022
Жұмыссыз ретінде тіркелген адам көп
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңір активімен кездесу өткізді. Министр халықты жұмыспен қамту шаралары жөнінде айтып, жергілікті атқарушы орган өкілдерін жұмыссыздық деңгейін назарда ұстауға шақырды.
Қоғам • 26 Шілде, 2022
Кәмелетке толған мүгедектігі барларға көңіл бөлінсе...
Шымкентте мүгедектігі бар 18-ден асқан жастарды оңалтатын жалғыз мекеме бар. Бұл – Алмагүл Кенжетаева ашқан «Рахмет саған, Анашым!» мүмкіндігі шектеулі балалар аналарының қоғамдық бірлестігі.
Қоғам • 26 Шілде, 2022
Балаларды оңалту мекемесіне материалдық көмек қажет
Шымкент қаласы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Қор жыл соңына дейін қалалық перинаталдық орталыққа, №1 ауруханаға, қалалық перзентханаға және балалар клиникалық ауруханасына офтольмологиялық скрининг жүргізетін медициналық аппараттар сатып әперетін болды.
Білім • 26 Шілде, 2022
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлзия Құрманқанға «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Гүлзия АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Оңтүстік Флорида университетінде «Математикалық білім беру» мамандығы бойынша магистратурада оқиды.
Әлем • 26 Шілде, 2022
Ливиядағы ахуал әлемді алаңдатып отыр. Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысы Ахмед Әбу Гайт оңдағы қақтығыстар аймақ елдері үшін алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.