Тұлға • 13 Шілде, 2024
Көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетінің іргетасын өз қолымен қалап, саналы ғұмырын осы оқу орынның дамуы мен шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаз марқұм Есмұханбет Смайыловты сағынышпен еске аламыз.
Білім • 13 Шілде, 2024
Мен XXI ғасырдың білімді ұрпағымын. Қазір білім мен ғылымның, заманауи технологиялардың, түрлі платформалардың заманы. Бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқан болашағы зор сала – цифрлық технология саласы. Сондықтан да еліміздің дарынды ұрпақтары заманауи цифрлық технологияларды жетік меңгеруге тиіс.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
«Оңтүстік Қазақстан» газетінде Шымкент қалалық мәслихат сессиясының 1998 жылғы 28 қаңтардағы №271 шешімімен қала көшелеріне бір топ мемлекет және қоғам қайраткерінің, ұлтымыздың танымал тұлғалары мен ақын-жазушының есімін беру туралы шешімі жарияланған болатын. Осы шешімге сәйкес «Самал-1» шағын ауданының №14 көшесіне қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқар Сүлейменовтің де есімі берілуге тиіс еді.
Денсаулық • 13 Шілде, 2024
Дәрі-дәрмекті таңбалау – сапаны бақылауға сеп
Дәрілік заттарды таңбалау – DataMatrix штрих-коды түрінде қолданылатын, өнімнің қаптамасынан көруге болатын препараттардың жеке белгісі. Таңбалау арқылы өнімнің түпнұсқалығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар оның өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға болады.
Айбын • 13 Шілде, 2024
Арнайы органдар қызметкерінің күн тәртібі қалыпты ережеге бағынбайды. Ол түнде ұйықтарда ертеңгісін қандай тапсырма күтіп тұрғанын білмейді. Қызметіне барарда кешкісін не болатынынан бейхабар. Оларға бағзыдан бері «көрінбес майдан жауынгері» атауы таңылған. Ұлттық қауіпсіздік күзетіндегі адамдар жөнінде біз ресми өкілдерінің сөздерінен ғана білеміз. Бүгінгі кейіпкеріміз сол бір көрінбес майдан сардарынан бастап сол саланың қаламгеріне дейінгі тағылымды жолды жүріп өтті.
Әдебиет • 13 Шілде, 2024
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Бопай ханым» романы – шоқтығы биік жазушы Мәди Айымбетовтің шығармашылығындағы бедерлі белес. Қазіргі заманғы әдеби канондарды терең меңгерген туындыгер бұл кесек шығармасына үлкен дайындықпен келгенін романды оқи бастаған сәттен аңғарасыз. Халықтың көкейінен шығатын туынды тек ізденістен, тек сындарлы көзқарастан туатынын роман айғақтаудай-ақ айғақтайды.
Өнер • 13 Шілде, 2024
Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапанованың авторлық ұжымымен орындалған «Көшпенділер фрескалары» киізден бастырылған паннолары мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа лайықты ерекше жұмыстар. Шығармашылық жолы бір арнаға тоғысқан отбасылық жұптың есімдері бүгінде өнерсүйер қауым арасында өте жақсы танылған. Отандық бейнелеу өнерінің өркендеп дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан суретшілер Әлібай мен Сәуле Бапановтар ана сүтімен дарыған киелі өнер арқылы қазақ халқының болмысын өзге елдерге танытып жүрген жарқын тұлғалар.
Аймақтар • 13 Шілде, 2024
Шардараға жолыңыз түсіп, жергілікті жұртшылықтан «Осы өңірде әке-шешесін 100-ден асырып, перзенттік парызы мен адал еңбегін қатар атқарған азаматың қайсы?» деп сұрасаңыз, бірден Мұсахан Әбдікерімұлын атар еді. Иә, бұл кісі – жол саласының ардагері, Ақбала шағын ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы, сонымен бірге «Шардара» мектеп-лицейі Қамқоршылық кеңесінің басшысы. Жастық жалынын Қызылқұм тыңын игеруге арнаған Мұсекең осылайша зейнеткерлік жасқа шықса да, елдің бірлігі мен берекесін арттыруға үлес қосып келеді.
Қоғам • 12 Шілде, 2024
Oxford университетінің «Reuters» журналистика институты тарапынан биыл 13-рет жарияланып отырған дижитал жаңалықтар есебі 6 континенттегі 47 елден алынған деректер мен 100 мыңға жуық респонденттің қатысуымен жүргізілген сауалнама негізінде журналистиканың әлемдегі даму үрдісін зерттейді. Есептің ішінде негізгі проблемалар, аудиторияның белсенділігі және сенім деңгейі баяндалады. Сондай-ақ мемлекетке қарасты БАҚ-қа айтылатын сын-пікірлер де қарастырылады. Зерттеуді YouGov 2024 жылғы қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында онлайн сауалнаманы пайдалана отырып жүргізген.
Әдебиет • 12 Шілде, 2024
Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі қазақ әдебиетінің барлық жанрында басты тақырыпқа айналды, әсіресе поэзия мен публицистикада терең тебіреніспен пайымдалды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз ел болып жарияланған жылды, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңін ақындар мен көсемсөз шеберлері қатарында гүлдей жайнап, күндей балқып толғағандары да, ой бағып ойланғандары да болды.