Таным • 30 Қазан, 2023
ҚазПИ түлектері – Бай өлкенің алғашқы ұстаздары
Тарихы Алаштың Ташкентке орныққан кезеңінен (1918 жылдан) басталып, 1928 жылы Алматы қаласына көшіп, еліміздегі талай университет пен институтқа іргетас болған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарыдай шашылған әлемдегі қазақтың ағаруына да, жетілуіне де елеулі әсер етті. Осы оқу орнының Моңғолиядағы қазақтар үшін алар орны да ерекше. Моңғолия қазақтарының сауатын ашу, қандас қазақ бауырлары тұратын Баян-Өлгей қазақ аймағында алғаш мектеп ашу ісіне Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (ҚазПИ) сонау ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бауырмалдық тұрғыдан атсалысып, аймақ орнаған алғашқы жылдары ондаған педагог мамандарын жіберіп, жергілікті қазақтан жүздеген мұғалімді даярлап бергені – тарихи шындық. Бұл Моңғолиядағы қазақтардың рухани өміріне бетбұрыс әкелді. Сондықтан Моңғол елі қазағы бұрынғы ҚазПИ, қазіргі Абай университеті десе, әрдайым мақтаныш сезімі кернеп, біліммен сусындатқан алғашқы ұстаздарын ұмытпайды.
Тұлға • 30 Қазан, 2023
Дәрілбақиға аттанбайтын адам бар ма? Бәріміздің ертелі-кеш баратын жеріміз. Адамның өмірі абайсызда құлатып алған құманның суы сияқты. Көзді ашып-жұмғандай. Алды-артыңа қаратпай өте шығады. Дей тұра, өлімге қимайтын жандар болады. Сондай кісілер ұзақ өмір сүрсе екен деп Құдайдан тілеп-ақ жүресің. Шынында да, айналасындағы адамдарға пайдасы молынан тиіп жүретін тұлғаның ұзағырақ өмір сүргені – елге олжа. Қазақтың маңдайына біткен сындарлы сатирик Көпен Әмірбек дәл сондай жан еді.
Президент • 30 Қазан, 2023
Президент Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркия Республикасының 100 жылдығына арналған қабылдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 жылдық мерейтоймен құттықтауын оқып берді.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
«Ashyq syllabus» жобасы жұмыс тобының отырысы өтті
Бүгін Астанада Қазақстан қоғамдық даму институтында медиа саласы академиялық қауымдастығының қатысуымен «Ashyq syllabus» медиа саласындағы үздік білім беру бағдарламаларын талдау» жобасының отырысы өтті.
Өнім • 30 Қазан, 2023
Тауарларды таңбалау мерзімі ұзартылды
Мұндай шешім 2023 жылғы 24 қазанда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен тауарларды таңбалау жүйесі және қадағалау мәселелері жөніндегі кеңесте қабылданды.
Пікір • 30 Қазан, 2023
Кеншілер қамын күйттейтін заң қажет
Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтамыз. Апат салдарынан жарақат алып, емханада жатқан жұмысшылардың амандығын тілейміз. Іздестіріліп жатқан кеншілер тезірек табылса дейміз.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Пікір • 30 Қазан, 2023
Салдардан сабақ алмағанның соры
Костенкодағы оқиға бір күнде бола қойған апат емес қой. Техникалар сыр берді ме, қауіпсіздік шаралары ескерілмеді ме, ол жағы әлі тексеріледі, анықталады.
Үкімет • 30 Қазан, 2023
Тұрақты комиссиялар отырысына қатысты
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров, Алтынбек Нұхұлы, Ләззат Қалтаева ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тұрақты комиссияларының жұмысына қатысты.
Үкімет • 30 Қазан, 2023
Қаза тапқан кеншілер отбасына көрсетілетін көмек
Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетілетін болады.