Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Коронавирус • 13 Сәуір, 2022

Қазақстанда 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 12 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қоғам • 13 Сәуір, 2022

Ізетті басшыға айтар алғысым шексіз

Күнделікті өмірде адамның күйбең тіршілігі әсте таусылған ба? Үстіміздегі жылғы наурыз айының ортасында әлдебір шаруаның ыңғайымен «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолымыз түскен еді. Қабылдау бөлмесіндегі хатшы қызға келген шаруамызды айтып, басшының қабылдауына сұрандық. Обалы не керек, көп күттірмеді.

Ғылым • 13 Сәуір, 2022

Қырық жылғы қате қашан түзетіледі?

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасынан бастап мектептегі геометрия орыс академигі А.В.Погореловтің оқулығымен оқытыла бас­тады. Оның осы оқулығының Бүкілодақтық оқулықтар байқауында жүлдегер болғанына қарамастан, онда көпшілік «майда-шүйде» деп ескере бермейтін ғылыми қателер аз емес еді.

Қоғам • 13 Сәуір, 2022

Әрқашан абырой биігінен көріне бер

Күні кеше барша Қазақстан халқын үлкен қуанышқа бөлеген бокс жекпе-жегі өткені белгілі. Онда Отанымыздың даңқын алысқа асырып жүрген кәсіпқой бокстың хас шебері Геннадий Головкин әуесқой және кәсіпқой бокстағы бүкіл Жапонияның мақтанышы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, кәсіпқойлар арасында WBA нұсқасы бойынша тұрақты чемпион Риота Муратаны 12 раундқа есептелген жекпе-жектің 9-шы раундында техникалық нокаутпен жеңіп, төрт жыл бұрын айырылып қалған сол WBA белбеуін қайтарып алды.

Пікір • 13 Сәуір, 2022

Жұрт тілегі жоғарыға жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын ауылдағы жұртшылық асыға күтті. Өйткені кешегі жүректі мұздатқан қаңтар қасіретінің суық ызғары әлі де ұмытыла қоймаған кезеңде ел билігінен оңды өзгерістер күтуіміз заңдылық.

Пікір • 13 Сәуір, 2022

Реформалар арқылы екі қадам алға басады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды реформаларға толы Жолдауымен танысып шықтым. Қазақстанның нағыз досы ретінде Президент қолға алған барлық бастамаларды құптаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бастамашыл болған барлық реформаны жүйелі түрде жүзеге асыратынына және Қазақстанның Корея Республикасы сияқты әлеуметтік дамуға қол жеткізетініне сенімім мол.

Пікір • 13 Сәуір, 2022

Саяси құрылымы берік мемлекеттің көші де түзу болмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауын: «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек» деп бастады. Расында да солай. Өйткені бұл жолы еліміздегі жиі айтыла беретін ағымдағы бағдарламалар, әлеуметтік саланың мәселелері емес, Жаңа Қазақстанды құру мақсатының негізі болатын саяси реформаларды жүзеге асыру ісі міндеттелді.

Әдебиет • 12 Сәуір, 2022

Ұлттың ұлы ұстазы

«Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек», деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, бүгінде қандай да бір жетістікке жету үшін әлбетте білім керек екені белгілі. Ал білімді жастары бар елдің экономикасы берік, тәуелсіздігі мәңгі болатыны сөзсіз. Ахмет Байтұрсынұлы – өзінің саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған мемлекет және қоғам қайраткері. Төккен тері мен жазған еңбектерінің барлығынан өз халқының тағдырына жанашырлықтан туған жанкештіліктің, отаншылдықтың, биік парасат пен пайымның болмысы көрінеді. Біз Ахаңның тағылымға толы еңбектерінен ғылым, педагогика және экономикаға арналған пайымдарына ерекше назар аудармақпыз.

Қазақстан • 12 Сәуір, 2022

Қазақстан мен Италия ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту аясында Қазақстан елшісі Ерболат Сембаев Лацио өңірінің Кассино университетіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 12 Сәуір, 2022

Павлодарлық оқушының жобасы NASA-ны қызықтырды

Павлодарлық оқушылар Ғылым күні аясында Торайғыров университеті аумағында өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.