Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Қазақстан • 04 Сәуір, 2022

Мықты елдің белгісі – ұлттық бірегейлік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айындағы Жолдауында жұрттың көкейіндегі көп мәселенің шешу жолдары айқын көрсетілді.

Технология • 04 Сәуір, 2022

Радиожиілік ресурстары тиімді пайдаланылмай тұр

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусинге тиімсіз пайдаланылып жатқан радиожиіліктерді босатып, оны бөлудің ашық механизмін енгізуге тапсырма берген болатын.

Әдебиет • 04 Сәуір, 2022

Шешендік өнердің өрісі кең

Бүгінгі күні шешендік өнердің бұрыннан келе жатқан саяси, соттық, салтанат­ты көркем сөздер және діни уағыздар сияқты дәстүрлі салаларына акаде­миялық, іскерлік және көсемсөз (публицистика) тәрізді жаңа бағыттар қосылды.

Қазақстан • 04 Сәуір, 2022

Орталық сайлау комиссиясы – Алматы облысында

Талдықорған қаласында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Алматы облысы бойынша шығып қалған депутаттың орнына Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Сайлау 2022 жылдың 22 сәуірінде өтеді деп жоспарланған, деп хабарлады ОСК-ның баспасөз қызметі.

Пікір • 04 Сәуір, 2022

Халық жаңа саяси партияларды қолдауға дайын

Сөзімді Жолдаудан үлкен үміт күткенімізден бастайын. Мұ­ны мен институт қабырғасында бірқатар маңызды сарап­та­малық кездесу, әлеуметтанулық зерттеу, қоғамның түрлі сала­ларындағы әртүрлі адамдармен әңгімелесу барысында сезд­ім. Сондай-ақ бұл үмітіміз ақталып қана қоймай, көптеген күмән­шіл адамдардың көзқарастарынан да басым болғаны қуантады.

Пікір • 04 Сәуір, 2022

Достық ниетімізді білдіреміз

Жыл басында болған қаңтар оқиғаларынан кейін мен Қазақстандағы жағдайды, елдің даму бағытын ерекше назарда ұстап келемін. Осыған орай Қазақстанды демократияландыру, экономикалық ырықтандыру және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елінің ашықтығы үшін қолға алған институционалдық реформалары мен елді жаңғырту үдерісіне толық қолдау білдіргім келеді.

Әдебиет • 03 Сәуір, 2022

Жазушыға жанашырлық керек

Өткен жылдың соңғы ай­ларының бірінде қара­сөзден кесте тіккен та­лант­ты жазушы Жанат Ахмади ағамыз тұрған үйдің қабырғасына жа­зу­шының құрметіне ес­керткіш тақта ілінді. Біраз адам жиналдық. Сол кезде сөз алған, жазушыларға жақын жүрген бір қонақ: «Осыдан біраз бұрын бір танымал ақынды бақилық сапарға Жазушылар ода­ғынан шығарып салдық. Ақын, жазушылар аз келді. Келгендердің киімін көрсең, қалай болса, солай киінген. Жаның ашиды. Ұят емес пе? «Жазушы», «ақын» деген дардай атақтары бар. Бомждар сияқты жадап-жүдеген...» дегендей сөздер айтты.

Әдебиет • 03 Сәуір, 2022

Ақын образы

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали туралы кинофильм түсіру көрнекті кинорежиссер Болат Қалымбетовтің пешенесіне бұйырған екен.

Өнер • 03 Сәуір, 2022

Қазақ эстрадасының алғашқы қарлығашы

Биыл қазақтың ұлы әншісі, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы – Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев әйгілі әншінің атын ұлт жадында мәңгілік сақтау үшін еліміздің руханият пен мәдениет саласына бірқатар тапсырма бергені белгілі. Соған орай Отанымыздың үлкен қалаларындағы мәдениет ошақтарында атаулы датаға байланысты іс-шаралар өтті. Елордадағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігіне Роза Бағланованың аты берілді. Әншінің костюмі, марапаттары, тұтынған заттары Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік музейге қойылды. Осынау игілікті істің басы-қасында жүрген мәдениет майталмандары – Жеңіс Сейдоллаұлы, Арыстанбек Мұхамедиұлы сынды азаматтардың әнші тойына қосқан үлестерін айта кеткен артық болмас. Екі ғасырдың куәсі, аты жарты әлемге жария болған Роза Тәжібайқызының шығармашылық жолы жарқын болды. Десек те өмір даңғылында тағдырдың «тар жол, тайғақ кешуін» көп көрген қазақтың қаһарман қызының ұлттық эстрада жанрының қалыптасуына сіңірген зор еңбегі туралы осы бір мөлтек мақаламызды арнағымыз келеді.

Қазақстан • 03 Сәуір, 2022

Димекеңмен дидарласқан күн

Бұл осыдан 30 жыл бұрын қыркүйек айында болған еді. Мен ол кезде Жалағаш поселкелік Советі атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқаратынмын. Кезекті еңбек демалысына шығып, Талдықорған облысындағы «Қапал-Арасан» атты санаторийде демалғанмын.