Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24308 материал табылды

Руханият • 05 Наурыз, 2023

Жетісу бұлбұлы

Қолына қаршадайынан домбыра алып, қазақ даласына даңқы шыққан ақын, әнші, сазгер Біржан салмен айтысып, айтыс өнерінің шырқау шыңына көтерілген, осы күнге дейін асыл мұрасы көркемділігі, мазмұндылығымен дәріптеліп, ел есінде сақталған, айтыс өнерінің ақиығы, өлең сөздің саңлағы – Сара Тастанбекқызының туғанына биыл 170 жыл толып отыр.

Тарих • 05 Наурыз, 2023

«Талды бейiт» тамындағы тарих

Бүгін, 5 наурыз – Алаш арысы Әлихан Бөкейханның дүниеге келген күні. Ұлтқа қалтқысыз қызмет етудің ерен үлгісін көрсеткен Әлекеңнің өмірі, шығармалары, қайраткерлік жолы қараша халыққа, кейінгі ұрпаққа зор өнеге. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Орталық Қазақстан» газетінде «Талды бейіт» тамындағы тарих» атты мақала жарық көрген болатын. Онда ұлт зиялысының ет жақындары мәңгілік дамыл тапқан «Талды бейітте» таңбаланған арабша жазулардың мән-мағынасы туралы жазылған еді. Осынау деректердің құндылығын ескере отырып, көпшілікке қажет болар деген оймен сайт оқырмандары үшін қайта жариялауды жөн көрдік.

Партия • 02 Наурыз, 2023

Жастарды жұмыспен қамтудың жөні бөлек

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Абдукамал Ашимбеков «Кентау трансформатор зауыты» АҚ жұмыскерлерімен, сондай-ақ Түркістан облысы сайлаушыларымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Партия • 02 Наурыз, 2023

Өндіріс ұжымдарымен кездесті

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған үгіт-насихат тобы Батыс Қазақстан облысында бірқатар еңбек ұжымымен кездесті. Ақжолдықтар бірінші болып облыстағы ең ірі жиһаз өндірісі «Модисалға» ат басын бұрды.

Партия • 02 Наурыз, 2023

Біріккеннің ісі берекелі

«Байтақ» партиясы мен Эстонияның Жасылдар партиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұндай саяси одақ Қазақстан тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Байтақтықтарға жас партия ретінде қазір еуропалықтардың тәжірибесі ауадай қажет.

Партия • 02 Наурыз, 2023

Тұрмысты жақсарту – басты талап

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Ольга Березуцкая Қостанайдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Партия • 02 Наурыз, 2023

Дауыс беру маңызды

«Respublica» партиясы өңірлерде сайлауалды турын жалғастырып жатыр. Күні кеше Қазақстанның екі аймағында – Қостанай және Ақтөбе облыстарында сайлаушылармен кездесулер өтті.

Партия • 02 Наурыз, 2023

Еңбек адамына құрмет

«Ауыл» партиясынан Абай облысы бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар облыс орталығы Семей қаласында «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Партия • 02 Наурыз, 2023

Жаңа жұмыс орындары ашылады

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Атырау облысында кездесулер өткізді. Атап айтсақ, Мақат ауданының Доссор кентінде мұнай саласының еңбек ардагерлері және қоғам өкілдерімен жүздесті.

Саясат • 02 Наурыз, 2023

Бюрократиядан арылу – бүгінгі күннің талабы

2022 жылдың 12 желтоқсанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюрократиядан арылту бойынша жүйелі жұмыстарды, әсіресе жергілікті атқарушы органдардың деңгейінде одан әрі жалғастыруды тағы да шегелеп тапсырды. «Азаматтардан ең көп сұраныс бар процедуралар оңтайландырылып, қайта қаралуға тиіс», деді Президент.