Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21598 материал табылды

Қазақстан • 27 Наурыз, 2022

Диверсант

Алматының жанға жайлы қоңыр күзінің орта тұсында үш ер-азамат осындағы соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бір бөлмесінде басымыз тоқайласа қалды. Таныстық барысында соның бірі Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысқанын тілге тиек етсе, екіншісі «ауғандықпын» деп қысқа қайырды. Ал біз пақырыңыз Семей ядролық сынақ полигонының эпицентрінен едік.

Әлем • 25 Наурыз, 2022

EXPO төріндегі Наурыз тойы

Дубай EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Қазақстан • 25 Наурыз, 2022

Ел ағасы

Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады. Осы орайда қанатты қос пырақ бейнеленген айбынды Елтаңбамыздың авторы Жандарбек Мәлібековке көрсетілер құр­мет­тің жөні бөлек. Айта кету керек, осы мерейлі жылда ол сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңба авторын туған күнімен арнайы құт­тық­тады. Сонымен қатар Наурыз мерекесі қар­саңында Қазақстан Президенті Жандарбек Мәлі­бекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен мара­паттады.

Қоғам • 25 Наурыз, 2022

Алакөлге жеткізетін темір жол инфрақұрылымы жақсарады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алакөл жағалауы бойындағы курорттық аймақтың темір жол инфрақұрылымын дамытуға және осы бағытты таңдаған туристерді тасымалдауды қамтамасыз етуге көп көңіл бөлініп келеді.

Қазақстан • 25 Наурыз, 2022

ІТ саласында бақ сынауға болады

Білім және ғылым министрлігі алғаш рет BILIM Hackathon 2022 IT бай­қауын өткізбек. Оған студенттер мен бағ­дарламашылар қатыса алады. Жеңім­паздар 1,5 млн теңге алады. Екінші орынның иегеріне 1 млн теңге, үшінші орын үшін 500 мың теңге беріледі.

Пікір • 25 Наурыз, 2022

Өзгерісті өзімізден бастау керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын барша отандастарымыз секілді біз де ерекше зейін қойып тыңдадық. Дәл осындай көңілмен атап айтудың себебі де, маңыздылығы да мол.

Пікір • 25 Наурыз, 2022

Жаңа бастамаларға қолдау көрсетті

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында жариялаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауына қатысты пікірлерін ортаға салды.

Әлем • 25 Наурыз, 2022

Жаңа бағыт Оңтүстік Африкада да қолдау тауып отыр

Қазақстан Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, 2022 жылғы 16 наурызда «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында Қазақстан халқына тарихи Жолдауын жариялау арқылы өзінің данышпан басшыға тән ерекше қасиеттерін көрсете білді.

Қазақстан • 24 Наурыз, 2022

Ұстаз ғибраты

Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлия Сәрсенқызы Бейсенова – ұлағатты ұстаз, әдіскер-ғалым, қоғам қайраткері, география-экология саласы жоғары және орта мектеп оқулықтарының авторы ретінде есімі ғылыми қауымға кеңінен танымал тұлға. Ол – барша қабілет-қарымын білімге арнап келе жатқан, жас ұрпақтың болмысы мен өсу заңдылығын зерделеуге, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды бір-бірімен ұштастырып, экология және туризм бағыттарының қалыптасуына, олардың түрлі салалармен байланыста дамуына күш-жігер жұмсаған, білікті мамандар даярлау ісіне үзіліссіз үлес қосып жүрген біртуар педагог.

Білім • 24 Наурыз, 2022

Қазақстан географиясын оқыту әлі шешімін таппады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жол­дауын­да «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиім­ді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдама­­сын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деді. Осыған байланысты білім са­ласында «География» оқу пәнінен сабақ беріп жүрген барлық педагог пен Гео­гра­фиядан республикалық атаулы мектеп мүшелері бірлесіп өткіз­ген Рес­­пуб­ликалық ғылыми-әдістемелік семинарларда жүйелі тұрғыдан пән­нің жаңар­тылған бағдарламасы мен оны оқытуда жіберілген көптеген кемшілікті қайта қарап, талқылап, алдағы уақыттағы дұрыс бағыттарын анықтады.